Сельфиге түспедік пе?

Сельфиге түспедік пе?
жеке
блог
Қазіргі заманда әлеуметтік желі арқылы танымал болу оңай. Бастысы, ешкімге ұқсамай, креативті болу. Байқап жүрген шығарсыз бос уақытымызда интернетті ермек қылғанды жақсы көреміз. Инстаграм мен фейсбукке бір кіріп-шығуымыз 3-4 сағатқа созылып кетеді. 
Блог - DinaAbdigalieva: Есімін ұмытып тұрмын
Өз басым ғаламтор арқылы әйгілі болған адамдарға қызығам. Өмірлері қызықтырып, таусылмайтын кітап парақтары секілді елестейді. Бірақ менің басымнан да қызық жағдай өтеді деп ойламаппын. Жексенбі күні құрбым екеуміз базар жаққа бет бұрдық. Ананы-мынаны қарап, керек заттарымызға зер салып жүрсек. Қасыма бір кісі келді. Өкінішке қарай, есімін ұмытып тұрмын. 
— Сәлем, сен Динасын ба? Абдигалиева Дина?
— Сәлеметсіз бе. Иә, бірақ сіз кімсіз?
— Сен мені танымайтын шығарсың, бірақ мен сені танимын. 
— Қайдан?
— Сіз менде фейсбукте барсыз. 
Үш ұйықтасам да түсіме кіріп шықпайтын оқиғаға тап болдым. Шынымды айтсам, басында шошып кеттім. Бұл кісі мені қайдан біледі деп))) Шытырманға толы жаңалықтарды тым көп көріп қойдым ғой деймін. Ең соңында «сельфиге түсейік» дегенде, тіпті, ұялдым да қалдым. Бірден " Жо-жо-жооқ" деген жауабымды бір қайырдым да қойдым. Бейтаныс кісілермен көп сөйлесе бермеуші едік. Өмір болған соң, неше түрлі тосын-сыйларға толы болады екен. 



Бөлісу: