Өмір жайлы жарты орам...

Өмір жайлы жарты орам...
жеке
блог
 
Адам өмірге періштедей көңілі таза сәби секілді келетіні белгілі. Бірақ өмір сол сәбидің таза көңілмен өмір сүруіне жол бермейтін сияқты көрінеді. Бала кезіміздің өзінде бұл өмірден хабарсыз болғандықтан көптеген қателіктер жасайтынымыз анық. Кейін есейіп өткенге көз шалсақ сол кезге өкініпте, сол кезді сағыныпта жатамыз. Соларды ойлай жүріпте тағыда қателіктер жасап біреудің жүрегін жаралап, көңілін қалдырып үлгереміз. Осы қателіктердің бәрі өзіміздің ойланбай жасаған іс-әрекеттерімізден, ойланбай сөйлеуімізден болады. Ал осы арада біреу сізді де ренжітіп жатады. Осындай күйбің тіршілік, түрлі көңіл күй кезінде ойланып үлгермейміз. Бірақ осы арада жақын адамымыздан айырылып жатамыз, басқа адамдар туралы өз пікірімізді қалыптастырамыз. Осы пікірлеріміз дұрыс па, оны да ойламаймыз. Осындайдан кейін таза кіршіксіз сәби күйімізден қарапайым пендеге айналамыз. Бірақ біз бұған кінәлі емеспіз. Себебі өмір заңдылығы осындай. Бір жағынан өмірге мойын ұсынбайық десек те олда оңайға түспейді. Ол үшін әр қашан алды- артымызды ойлап отыруымыз қажет. Оданда қателесуіміз мүмкін.Себебі қателіксіз өмір өмір емес. Әр қателіктер сайын түсінігіміз кеңейіп, әр нәрсенің байыбына баруды үйренеміз. Осылай ғана шыңдаламыз.
                                                                                        
                                                                                                               Гүлдей ҚАЛМҰРАТҚЫЗЫ