Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ғазизаны құттықтайық!

Ғазизаны құттықтайық!

Ғазизаны құттықтайық!

   Міне, жарқырап жаңа жыл келіп, айнала қызылды-жасылды шамдармен көмкеріліп, әр отбасында шат-шадыман қуанышты күндер жалғасып жатыр. Бүгін де осы таңғажайып мерекемен қатар дүние есігін ашқан Ғазиза Ұзақтың  отбасында ерекше мәз-мейрам болып, ақ дастархан басында ізгі тілектер шаңырақты шаттыққа бөлегені анық. Менің білуімше, Газек ата-анасының, ағаларының бір тал гүлі, ерке қарындастары. Демек, іңгәләған бөпе қыздың даусын естігенде ата-ананың жүрегі жарылуға шақ қалған болар. Алматының әппақ қызы  бүгін әппақ қарға оранған 24-жаңа жылын қарсы алып, 24 жасқа қадам басып отыр. Қымбатты Ғазиза, өзіңе деген әппақ ниетім мен шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алғайсың. Бүгінгі туған күнің құтты болсын!


   Өзіңмен таныстырған сол күндерге шексіз ризамын. Осы таныстығымыз үзілмей, достығымыз ұласа берсе  деген үлкен тілегім бар. Бұл күн - сен үшін, жаныңа медет болған достарың үшін, тілеуіңді тілеген отбасың мен бауырларың үшін есте қалар қызықты күн болып, әркез жымиып еске алып отыратын тосын сыйларға толы шуақты күн болсын. Құрметті Ғазиза, Алланың берген қүш-қайраты мен ақыл-парасаты алдағы күндері биік-биік шыңдарды бағындыруға саған толығымен жететініне күмәнім жоқ. Өйткені сенің қолыңнан көп нәрсе келеді. Көп жерлерде айналаңдағыларды таңғалдырасың, тамсандырасың, тәнті қыласың. Сенің бойыңдағы батылдық, өжеттілік маған да, басқаларға да берілсе  деп тілеймін, Жаратқаннан. Жақсыдан үйренуге тартынбай, үлгі алатын жерлерімді де түйіп отырамын санаға өзіңнен. Сендей парасатты адамдар жүрсе екен деп те ойлаймын жанымда. Ай десе аузы, күн десе көзі бар, білімі мен білігі ұштасып, мейірімділігі мен қамқорлығы да адамгершілігімен  ұласып, өнерлі де өрелі қайран қалатын қазақтың  қызы болса, ол өзіңсің - Газек. Шын сөзім. 

Сымбатты Ғазиза, алдағы күндер өзіңе тек жақсылығымен, қуанышымен келсін жаным. Алла Тағала сені бар бақытқа лайық етіп жаратқан және алдағы уақытта да бақытты етеді деп сенемін. Алға қойған мақсат-мүдделеріңе қол жеткізіп, арманнан арманға жете бер. Жұлдызың жарық болып, мәңгі биікте жарқырап тұрғай. Еңбегің жемісті де жеңісті болып, тілің қуатты, өмірің шуақты болсын. Ақ адал достарың көбейіп, арқа сүйер азаматыңды жолықтыруды да тілеймін. Еркелетіп, әрбір жетістігіңе қуанып отыратын ата-анаң аман болсын. Мен саған барлық жақсылықты тілеймін! 

1850 9
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 03 қаңтар 2012, 19:40
Тегтер: Ғазиза Ұзақ, құттықтау, әппақ қыз, достық
Пікірлер
+0
03 қаңтар 2012, 20:41

Ох, мынадай әдемі тілекке тек қос қолдап қосыла аламын. :)) Құтты болсын!

+0
03 қаңтар 2012, 21:16

Алматының әппақ қызы Ғазиза Газек Газека туылған күніңмен құттықтаймын.

+0
03 қаңтар 2012, 22:15

Ғазиза бугін таң атысымен сені құттықтауға асықтым! Қуаныштымын! Бақытты бол! қазір шо то маспын ба че то біртурлі)))))

+0
03 қаңтар 2012, 22:30

Хәпи бөздеу ту ю!!

+0
04 қаңтар 2012, 09:33

Көп-көп рахмет))

+0
04 қаңтар 2012, 00:28

Алматының әппақ қызын құттықтап келіп отырмыз. Жақсы бір кеш болды. Арамызда сіздер де болғанда керемет болар еді ))

+0
04 қаңтар 2012, 09:34

Шыны керек, сені Алматыға келеді деп ойладым. Тілектерің қабыл болсын! Рас, мен еркемін. Тек мен бір тал емеспін, алдымда арқа сүйер әпкелерім бар)))) Нұрзияш, саған көп-көп рахмет!

+0
04 қаңтар 2012, 10:02

Алматының аппақ қызы, Қостанайдың да тілегін қабыл алғайсың! Әрдайым денсаулығың мықты, бақыт пен қуаныштан құралған өмірің ұзақ болсын! Ата-анаң мен достарыңды үнемі жақсы істеріңмен қуанта бергейсің. Адал жар, аяулы ана бақытын тілеймін.

+0
04 қаңтар 2012, 11:03

Үлкен рахмет, Арайлым!

+0
04 қаңтар 2012, 19:40

Өзің айтпақшы, Алматының аппақ қызы, туылған күніңмен! Ғазиза, есімің қандай әдемі болса, өміріңде мәнді де сәнді болсын! Екі дүниенің бақытын тілеймін!

+0
04 қаңтар 2012, 22:01

Әумин, айтқаныңыз келсін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев