Өз-өзіңізді дамыту үшін не істейсіз?

Өз-өзіңізді дамыту үшін не істейсіз?
жеке
блог

-          Өз-өзіңізді дамыту үшін не істейсіз?

-          Ағылшын тілін үйренемін, кітап оқимын, жаттығу залына барамын, фильм көремін, домбыра курсына барамын, ұлы адамдардың өмірбаяндарын оқимын, қолөнермен айналысамын, сурет саламын, блог жазамын, психологияның сырларын түсінгім келеді, адамдармен сұқбаттасамын, ғаламтордан мақалалар оқимын... айта берсе көп.

Өзін-өзі дамыту өмір бойы жүретін нәрсе. Неғұрлым ерте бастасаңыз берер жемісі де мол болмақ.  Өз басым өзімді дамытудан төрт жылға кеш қалдым деп есептеймін. Себебі мен студенттік өмірімді универге келіп-кетіумен ғана өткізген екенмін. Сондықтан да болар студенттермен әңгімелессем бірден қояр сұрағым: «Өзіңді дамытумен айналысып жүрсің ба?». Өткенде екінші курстың екі тобымен дөгелек үстел өткіздік. Арасында бірнешеуі болмаса көбісі өзін-өзі дамытумен айналыспайды екен. Уақыт жоқ, ақша жоқ немесе мойным жар бермейді.

Өткен қыста алты ай бойы кешке ағылшын курсына бардым. Сол кезде кешке жұмыстан кейін де бірдеңемен айналысатын уақыт бар екен-ау, бірдеңе жасауға болады екен-ау деген ой келді. Бұрын сол алты мен тоғыздың арасын құр босқа телефон шұқылаумен өткізіп жүріппін ғой. Сол алты айлық ақшамды  киім алудан бас тартып курсқа жұмсадым. Айтпағым адам қаласа бәрінің де ретін табуға болады.

Әсіресе студенттер қауымына айтқым келеді:

Универге келіп-кетіп қана қоймаңыздар, неше түрлі курстарға, үйірмелерге, қайырымдылық ұйымдарына қатысыңыздар. Неше түрлі конкурстарға қатысыңыздар. Орын алмасаңыздар да тәжірибе, таным аласыздар. Адамдармен араласасыздар, тәжірибе алмасасыздар, танымыңыз кеңиді. Қазір сіздерде уақыт бар, энергия бар, басыңыз бос. Ертең жұмысқа тұрғанда таңнан кешке дейін жұмысқа байланып отырасыз, отбасылы болғасын шаруа бітеді (әрине қалжың).

Бір сөз бар еді ғой: Жоғарғы білім нан табуға көмектеседі, ал өзін-өзі дамыту май мен уылдырық табуға себепші болады. 

Сонымен, сіз өз-өзіңізді дамыту үшін не істейсіз? Тәжірибеңізбен бөлісіңізші?!