Қанат Ислам "Улы жебені" жеңді

Қанат Ислам "Улы жебені" жеңді
жеке
блог

   Кәсіпқой бокста ел намысын қорғап жүрген орта салмақтағы Қанат Ислам кезекті жеңісін тойлады. Алматы Аренада өткен кездесуде Қанат Ислам ганалық Патрик Аллотеймен жұдырықтасты.

   Бірінші орта салмақта «WBA Fedelatin» атағына ие Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 18-інде қарсыласын нокаутпен жеңген.

  Қанат Исламның қарсыласы ганалық Патрик Аллотей де тәжірибелі боксшы. Осыған дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 36 жекпе-жек өткізіп, 34-де қарсыласынан басым түскен.Оның 24-де қарсыластарын нокаутпен ұтса, 2 жекпе-жегінде ғана қарсыластарына есе жіберген. Cоңғы рет 24 маусым күні шаршы алаңға шығып, отандасы Сани Идананы жеңген.Кәсіпқой бокста «Улы жебе» деген лақап атқа ие.

   Бүгінгі жекпе-жекте толығымен дерлік отандасымыздың мысы басым болды.Бірінші раундтан бастап, тізгінді өз қолына ұстаған Қанат Ислам өзіне коп соққы дарытпады.Ал Патрик Аллотей болса, шаршы алаңда №2 боксшы ретінде жұдырықтасты.3-раундтан бастап Патрик шаршағандай болған болатын.Алайда Аллотей 6,7-раундтардан бастап қайтадан өз-өзін қалыпқа келтірген болатын бірақ,  9-раундта Қанат Исламның соққысынан бір есеңгіреп қалған болатын. 10,11-раундтарда тізгінді өз қолына алғысы келіп, Қанат Исламға соққылар да бағыттап көрген болатын.Бірақ, қанша тырысқанымен Қанат Исламды жеңе алмады. Патрик 12 раундқа шыдап бақты. Нәтижесінде Қанат Ислам 117-112, 116- 112, 116-112 есебімен жеңіске жетті.   

   «Қанат Исламды жеңемін» деп нық сеніммен шыққан ганалық боксшыны жеңген Қанат "Қазақ" Ислам бірінші орта салмақта "WBA Fedelatin" және "WBO Intercontinental" чемпиондық белбеулерін өзінде сақтап қалды.

   12 раундқа созылған бұл кездесу өте жоғары дәрежеде өтті.12000 жанкүйер жиналады деп есептелген «Алматы Арена» спорт сарайы лық толы болды.Тіпті, ине шаншар орын болмады.

   Қанат Ислам WBC яғни Әлемдік бокс кеңесі рейтингісінде 5-орында тұрған болатын. Аллотейді жеңгеннен кейін Отандасымыз рейтингте үздік үштікке енеді. Бұл рейтинг Қанат Исламға кез келген уақытта әлем чемпионы атағын таласуына мүмкіндік береді.

   Айта кетейік, Алматыда өткен бокс жекпе-жектерінде қазақстандық боксшылардың барлығы жеңіске жетті. Жұман Жұмабеков беларусь елінің боксшысы Владимир Ивановты бірінші раундта ұтты.Ал Айдар Шәрібаев Испаниялық боксшыны 6 раунд қорытындысы бойынша жеңіп шықты. Али Ахмедов  әзірбайжандық Али Маммедовты бірінші раундтта-ақ сұлатса, Руслан Мырсатаев ганалық Наху Азумиды лезде жеңді. Жанқош Тұраров  қарсыласы Айсак Ариені төртінші раундта айқын жеңіспен жеңіп шықты. Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы қадамын сәтті бастап, колумбиялық Милтон Нуньесттен бірінші раундта-ақ айласын асырды.