Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Фотосинтез процесі

Фотосинтез процесі

Фотосинтез процесі

Өсімдіктерде фотосинтез

Адам баласы болмысынан айналасында орын алып жатқан табиғи құбылыстарды танып білуге, оның тылсым күштерін, сырларын үйренуге құштарлы болып келетіні белгілі. Бәлкім осы қасиет те шығар адамды жануардан айыратын: ақыл-сананың, ой толғау қасиетінің берілгендігі. Олай болса сондай жәйтардың біріне көз салып үңілейікші. Осы бүкіл тіршілік атаулыны жанды етіп ұстап, оған қуат беріп тұрған нәрсе не өзі? Бұл, әрине, тақырыпқа арқау болған негізгі сауал емес, жалпы организмнің тірі қалуы үшін оған энергияның керек екендігі белгілі. Термодинамиканың бірінші заңына сүйене отырып айтатын болсақ, энергия пайда болмайды және жоқ болып та кетпейді. Бәлкім, бір күйден екінші күйге енеді. Табиғатта, жалпы, энергияның бір күйден екінші күйге енуіне көптеген мысалдар келтіріп қарастыруға болады. Біздің, мұнда, тоқталатынымыз – фотосинтез процесі. Фотосинтез процесі қалай жүреді және ол не үшін маңызды? Төменде осы жайлы қысқаша сөз қозғап, қарапайым оқырманға түсінікті, қысқаша ақпарат ұсынбақпыз.

Фотосинтез процесі арқылы өсімдіктер әлемінің бүкіл тіршілік үшін атқарар қызметі өте үлкен. Неге десеңіз, жоғарыда айтып өткеніміздей, организмдер энергияға мұқтаж, ал әлемдегі ең негізгі энергия көзі, ол – күн болып табылады және фотосинтездің осы жердегі қызметі – күннен келетін энергияны химиялық энергияға ауыстыру. Бұл маңызды, себебі организмдер энергияны көбіне химиялық түрінде ғана қолдана алады. Мысал ретінде фотосинтез процесін валюта айырбастау орнымен салыстыруға болады. Ол мекеме сырттан келген долларды ақшаға ауыстыру арқылы, оны бүкіл қазақстандықтарға қолайлы, қолжетімді ететін болса, фотосинтез сырттан келген су мен көмір қышқыл газын, күннің қатысуымен, оларды бүкіл тірі ағзаларға қолайлы, қолжетімді, оттегі (O2) мен көмірсуларға, яғни глюкозаға (C6H12O6), ауыстырады. Әрине доллардың бағасы әрқашанда бір қалыпты бола бермейді, алайда оттегі мен көмірсудың бағасы тұрақты және не бәрі 6 су молекуласы (H2O) мен 6 көмірқышқыл молекуласын (CO2) құрайды. Фотосинтез процесін формула түрінде жазатын болсақ төмендегі суретте көрсетілгендей болып келеді.

Өсімдіктерде фотосинтез процесі орын алатын жер клетканың хлоропласт деп аталатын органелласы болып табылады. Клетканың өзін бейне бір фабрика түрінде елестетуге болады. Оның ішінде адам санап бітпейтін саналуан механизмдер орын алып жатыр. Бір қызыға сол механизмдердің әр-бірі басқасына тәуелді және тығыз байланысты. Белгілі бір қызмет атқаратын клетканың бөлімшесі органелла деп аталады. Өз кезегінде хлоропласт бүкіл клеткаға азық болатын глюкозаны өндіріп шығарады. Сонымен қатар хлоропласттардың ішінде фотосинтездің жүзеге асуы үшін қолданылатын бірден-бір құрал кездеседі. Ол болса өз кезегінде хлорофил деп аталады. Өсімдіктерге жасыл түс беретін және күннен келген энергияны химиялық энергияға ауыстыратын да осы хлорофилдер. Бүкіл процеске қысқаша шолу жасап өтетін болсақ, күн сәулесі хлорофилдерге келіп тигенде, ол химиялық түріне ауысады, кейін сол энергия глюкозаның бойына сіңіп, ауаға беріледі.

Қорытынды ретінде айтатын болсақ, тіршіліктің қайнар көзі күн болып табылады. Бүкіл әлем күннен келген энергияны қолдану арқылы тіршілік етеді. Күн энергиясын организмдер қолдана алады, себебі фотосинтез процесінің нәтижесінде ол қолжетімді күйге енеді. 

 

 

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 26 қазан 2016, 10:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.