Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Жатақхананың терезесінен кіру

Жатақхананың терезесінен кіру

Жатақхананың терезесінен кіру

ҚазҰУ қалашығы. Жатақхана жақ...Тал түс.

Сымбатты келген екі бала әлденені күтіп, елегізеді. Бір кезде 4-қабаттың терезесі ашылып, ішінен ұзын қалың жіп секілді бір нәрсе созылып төменге түсті. Терезеден басын қылтитқан екі қыз сылқ-сылқ күліп, төмендегі екеуді күлкілерімен көмеді. Ар жағы белгілі. Жатақхананың терезесіне қарай өрмелемек. Жеті түн болса бір сәрі, тал түсте бұлары несі ей? Әйтсе де, тал түсте жоғарғы қабаттан секіріп өлем деген Пәленшенің оқиғасына қарағанда, бұл оқиға әлдеқайда қызықты.

Терезеден өрмелету

1 курс. Ненің не екенін ажырата алмайтын сары ауыз балапан болсақ та, кейбір қонақтарды терезеден кіргізуге болатынын білетін бәлеміз. Бөлмеде төртеуміз. Бірде қасымыздағы Айсұлу деген химфактың қызы туған күнін жасамақ болды. Химфактан қонақтар келмек. Бөлмені барынша жасандырып, дастарханға барымызды қойып келетін қонақтарды тағатсыздана күттік. Қазақ қашан уақытында келіп болған, химфактықтар үзіліп-созылып келемін дегенше, қас қарайып, түн түндігін түрді. Жатақханадағы кезекші апайымыз қатал-ақ. Есікті тарс жауып, ішінен іліп алды. Ал, кіріп көр!.. 

Ия, терезеден кіргізбесек, басқа амалымыз жоқ. Бір жақсысы, 2-қабаттамыз. Мысықша басып барып, ақырын ғана терезені аштық...  Төменге қарасақ, қарақұрым халық. Шамамен төрт-бесеу. Төсек көрпенің тысын алдық та, орап-орап арқан сияқты қылып өріп, төменге құлдилаттық. Қыздарды қойшы, атпалдай-атпалдай жігіттерді тартып кіргізуге қазір батылымыз жетпес еді. Ол кезде соның өзі бір қызық!.. Өлермен күйге түсіп, ақыры кіргіздік-ау...

Жағамыз жайлау. Төрт көзіміз түгел. Музыканы бақыртып қойып, ал енді кеп тойла! Балалық һәм шалалық. Музыканың дауысы төменде құлағын тоғыз қабатқа түріп жатқан кезекші апайға жетпейді деген шығармыз, сірә!.. Қуанышымыз ұзаққа бармады. Бір кезде бөлменің қоңыр есігі арнасынан асып қайнаған шәйнектей жұлына тарсылдады. Терезеден кірген қонақтарды киім салатын шкафқа бірінің үстінен бірін тоғыттық... Бұндай кезде, адам дегенің құдды киімдей. Бүктетіліп-бүктетіліп, әйтеуір сыя кетеді. Күлкі күлкімен, қызықтың соңы төртеуміздің комменданттың алдында басымызды салбыратып, екі сағат жер шұқып тұруымызбен аяқталды.

Терезеден өрмелеу

Былтырғы блогқұрылтайдың алды. Бір күні Мәншүк екеумізге шәй үстінде блогқұрылтайға презентация жасау туралы ой келді. Сол презентацияны сылтауратып, екі жатақхананың ортасын әбден тоздырдық. Әр кездескен сайын презентация жасау керек еді, дейміз де қоямыз. Не керек, блогқұрылтайға бір күн қалғанда, мұрнымыздан шаншылып, тіпті, журфак жатақханасына қонбасам болмайтын болды. Ал кезекші апай қонбақ түгілі, кіргізуге де болмайтынын айтып тұрып алды. Амал жоқ ) Терезе...

Ұмытпасам, үшінші қабат... Терезеден кіргізу оңай болғанымен, кіру мұнша қиын болар ма? Кәдімгідей дір-дір етіп тұрмын. Құлап кетсем ше? Терезеден кіргізуге дағдыланған әккі екеуді жіберіпті. Екеуі үшін күнделікті жағдай. «Кезекшілер көрмесе болды»,-деп қояды бір-біріне күбірлей. Сөйтіп қорқып тұрғанымда, үшінші қабаттың балконынан бір-ақ шықтым. Қалай көтеріліп кеткенімді сезсем ше? Төңіректі тінтіп жүрген кезекшілердің көзіне түсіп қалсақ керек, оларға да керегі осы емес пе, желкілдеп жетіп келді. Біреуі беделін, біреуі тілін алға тартты ма, білмеймін, журфактықтар бір амалын тауып, әйтеуір аман қалдық.  Қазір "Филфак жатақханасы бір-ақ қадам жерде тұр, терезеден кірем деп сонша әуреленгеніміз-ай..." деп ойлаймын. Бұл да бір дәурен...

Ия, бұл да бір дәурен. 

Бұрылып артыма қарадым. Жымың-жымың етіскен әлгі төртеу зым-зия. Қызыл жатақхана түк болмағандай мелшиіп тұр. Жоқ, күннің көзіне мейірленіп, мүлгіп тұр. Біздің де сырымызды жасырған тас қабырға олардың да құпияларын бүгіп қалды...

сурет: chitalnya.ru

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 26 сәуір 2012, 11:50
Тегтер: ҚазҰУ, ҚазҰУ қалашығы, студенттік өмір қызықтары, жатақхана

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.