1 курс таланттары

1 курс таланттары
жеке
блог

7 қазан  күні ректор Ғалымқайыр Мұтанұлының қолдауымен  дәстүрлі түрде, 1-курс студенттері арасында өтетін «Жалын» көркемөнерпаздар фестивалі өтті.

Студенттер он бес номинация  бойынша сынға түсті.  Фестивальдің бірінші кезеңіне 800-ден аса бірінші курс студенттері қатысып, екінші кезеңге жолдама алған 100-ге жуық студент бақтарын сынады.   Фестивальдің мақсаты – жігер оты жалындап жанған студент жастардың жас дәуренін текке өткізбей, жаман әдеттерден аулақ ету, олардың заман ағымына ілескен зымыраған күндеріндегі бос уақыттарын әсерлі ән, көк нөсер күй, күмбірлеген домбыра, мың бұралған би әлемімен қауыштыру.

“Жалын” фестивалі жастардың  шығармашылығын  дамытуға, өнерлерін  шыңдауға  үлкен мүмкіндік. Себебі, ҚазҰУ-да дарынды да  талантты  жастар жетерлік.

Бұл  фестиваль ҚазҰУ ғылым мен білімді, сонымен қатар өнерді  қатар ұстап келе жатқан дарынды студент-жастардың ортасы екенін тағы да дәлелдей түсті. Дәстүрге  айналған  бұл  фестиваль  әлі де  таланттыларды  анықтайды!

 

 

 

Жадыра Оңайбаева

Студенттік Баспасөз орталығы