Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ғаламтор саудасы: Интернет-банкинг жүйесінде тіркелу

Ғаламтор саудасы: Интернет-банкинг жүйесінде тіркелу

Ғаламтор саудасы: Интернет-банкинг жүйесінде тіркелу

Интернет-банкинг жүйесінде тіркелу

Карта ашуға тапсырыс жасағалы он жұмыс күні өтпесе де бүгін Альянс банкіге телефон соқтым. Оным дұрыс болыпты, Visa Virtuon-ым дайын екен. Апыл-ғұпыл киініп, банкіге асықтым. Ассыққаным бекер болыпты, жеке куәлігімді алмай шығыппын. Онсыз картаны бермейді ғой. Амал жоқ, үйге оралып құжатымды алдым.

Банк бөлімшесінде адам көп екен. Бәрі дерлік кассаға кезекте тұр. Карта ашумен айналысатын менеджер қыз мені тани қойды да «келіңіз» деп ишара етті. Танығанына кәдімгідей мәз боп қалдым.

Карта берілетін кезде де бірсыпыра қағаздарға қол қою керек. Бәріне қол қойып шыққан соң менеджер карта мен банкімен жасалған шартқа қоса тағы бір жапырақ қағазды ұсынып:

- Пин-кодыңызды кассадан аласыз, - деді. Мен таңырқап:

- Виртуалды картаға пин-код керек пе еді? – деп сұрадым. Ол:

- Бұл интернет-банкингке тіркелуге қажет болатын код, - деп түсіндірді.

Интернет-банкингке арнайы пин-код керек екенін білетінмін, бірақ есімнен шығып кетіпті. Бүгін тегі ұмытшақ болып жүрмін. Кассаға кезек ала салуды да ұмытыппын.

Екі кассаның біреуі ғана істеп тұрғандықтан кезек те буаз тарақандай әрең жылжыды. Уақыт көп болғандықтан қолымдағы шартты оқуға кірістім. Бірақ жазуы сұмдық майда болғандықтан төрт бетке шыдамым жетпеді. Осы банкілердің бәрі шарттарын әдейі ешкім оқымасын деп ұсақ қаріппен баса ма екен? Бірдеңе болып қалса «Шартта бәрі көрсетілген, оқып, қол қойған өзіңіз» деп бедірейіп отыруға ыңғайлы шығар, кім білсін. 

Енді жаңа ғана өзім иесі болған төлем картамды әрі-бері айландырып қарайVisa Virtuon - cvv2 бастадым. Картаның артындағы CVV2-кодын оңай таптым. Өткен бір жазбамда айтқанымдай, карта дизайны маған мүлде ұнамады. Жазулары дұрыс оқылмайды, әсіресе сарғыш сурет тұрған жердегі ақ түсті сандарды үңіліп қарауға тура келеді. Жалпы суретінде бір тылсым ой жасырылған болар, бірақ өзім секілді «шынайы өнерден» хабары жоқ жандар оны түсіне қоймас. Әрине, виртуалды картаның әдемілігінде тұрған ештеңе жоқ, оны біреуге көрсетіп мақтанбаймыз ғой. Ұсқынсыз-ақ бола берсін.Visa Virtuon

Жарты сататтан соң кезегім келім, уф деп, әйтеуір касса жеттім. Пин-код салынған конвертті алып, өткен жолдан әмиянымда жүрген 20 долларды карт-шотыма салдым. Бұл ақшадан банкі 1500 теңгені карта ашқаны үшін ұстап қалады. Ал қалған тиын PayPal жүйесінің тескерісінен өтуге керек болады.

Үйге келген соң конвертті аштым. Конвертте ештеңе жоқ болып шықты. Іздеген алты таңбалы пин-кодым конверттің іш жағынның екі жеріне жазылыпты. Еміс-еміс көрінеді. Қауіпсіздік үшін әдейі солай істелінгені байқалып тұр.

Интернет-ПИН салынған конверт

Бір шыны шәйімді сіміре сала Альянстің интернет жүйесіне тіркелуге кірістім. Ол үшін жүйенің сайтына кіріп, қалай тіркелу керек екендігін оқып алдым. Ештеңе толтырудың қажеті жоқ екен, телефонмен-ақ бітетін шаруа көрінеді. Сайтта көрсетілген нөмірге телефон соғып, интернет-банкингті қосқым келетіндігін айттып. Менен картаның нөмірін, толық аты-жөнімді, туған күнім мен жеке куәлік нөмірін сұрады. Жауаптарымды өздеріндегі мәліметтермен салыстырған ғой. Сосын 10-15 минуттан соң жүйеге сайттан кіре беруіме болатындығын айтты.

Сенімдірек болсын деп сайтқа он минут емес, жарты сағат өте бардым. Кіре алмадым. Тағы жарты сағаттан соң әрекет жасап көрдім. Қайтадан кіре алмадым. «Мені жүйелеріне қосуды ұмытып кеткен шығар» деп, банкіге қайта телефон шалдым. Сөйтсем кінә банкіде емес, өзімде екен. Банк қызметкері сайтқа кіру мен тіркелудің әр қадамына жеке-жеке тоқталып түсіндіріп берді.

Менен кеткен қате мынау болыпты: интернет бакингке алғаш рет кіргенде карта нөмірін емес, конверттің сыртындағы 15 таңбалы кодты енгізу керек екен. Солай істеген замат бірден жүйеге кіріп кеттіп.

АЛБ24 жүйесінде тіркелу

Енді банк кызметін көрсету туралы Келісім-шартпен танысып, «қабылдадым» деген белгі қойып, келесі бетке көштім. Шарттың қазақшасы әдеттегідей сөзбе-сөз аударылып, ұғымсыз болып кеткендіктен беттің орысша нұсқасына ауысып кеттім. Негізі жүйенің қазақша беттерінің аудармасы әлі шикілеу екен, бірсыпыра жөндейтін жерлері бар. Бірақ бұған да тәуба, кейбір банкілердің тіпті негігі сайттарының өзі қазақшаланбаған. "Кешіріңіз, бұл бөлім жаңартылуда" деп құтыла салатындар да кездеседі.

Келісім-шартты мақұлдау

Бұл бетте карта нөмірінің орнына қолданатын жалған ат ойлап шығарып, оны енгізу керек екен. Кәдімгі логин. Бірақ оны күрделірек жасаған жөн. Өзім ғой санадар мен әріптерді арластыра отырып 16 таңбалы жасырын ат ойлап шығардым.

Жалған ат енгізу

Келесі бетте ұялы телефонымның нөмірі мен электронды пошатмды көрсеттім. Телефонды міндетті түрде «7» санынан бастап, арасын үзбей енгізу керек! Мысалы, «77054569848». Мұқият тексеріп алып барып қана тіркеуді жалғастырыңыз.

Телефон нөмірі мен e-mail

Келесі істегенім – банктің берген интернет-пинін өзімдікіне өзгерту. Оны алдағы уақытта сайтқа кірердегі құпия сөз ретінде қолданасыз. Бұл да қауіпсіздік шарасы. Алты саннан тұратын жаңа кодты қайталап екі рет жазып, ұялы телефоным жазулы тұрған сілтемені шерттім. Сілтемені шерткен соң бірнеше секунд ішінде телефоныма смс түрінде банкіден "206776" деген сеанстік код келді. Кодты енгізіп, интернет-пинді өзгерттім. «Мұқият болыңыз» деп қақсап отырғанымның себебі осы болатын, телефон нөміріңізде қате кетсе смс-ті ала алмайсыз.

Интернет-пинді өзгерту. Сеанстік код.

Осымен тіркелу шаралары аяқталды. Телефоныма банкіден тіркелуіммен құттықтаған смс, ал поштама тіркелгенде өзім көрсеткен жалған ат пен интернет-пин жазылған хат келді. Хаттағы мәліметтерді бөлек қағазға жазып алып, хаттың өзін өшіріп тастадым. Сосын сайттан шығып кетіп, қайта кіріп кірдім. Мұным жасырын ат пен құпия сөзді бір тексеріп алудың амалы ғой. Еш қиналмастан бірден кірдім. Айтпақшы, виртуалды пернетақтаны қолданып кірдім. Неліктен олай істегенімді өткен жазбамды оқығандар біледі.

Бағанағы салған 20 доллар шотымда жатыр екен. Карта шығару үшін алынатын ақшаны банк әлі ұстап қалмапты, өзінің бір белгілі уақыты бар болса керек.

Шоттағы ақшаны тексеру

Тағы бір маңызды нәрсе банкіге телефон соғып, төлем картасын активацияландыру екен. Онсыз карта бұғатталған болады, яғни ғаламторда оны пайдалана алмайсыз. Активация жасау керектігін білмегендіктен кеше түнде еш жерде тіркеле алмай қойдым. Ертесінде банкімен хабарласқаннан кейін ғана бәрі анықталды. Картаны берген кезде бірден айта салса нелері кетер еді? Босқа адамның жүйкесін тоздырып...

Сонымен виртуалды төлем картам қолыма тиді, интернет-банкингте тіркелдім. Бір танысым үйленіп, той өткен күннің ертесінде "Е, бұл да бір ойда жүрген шаруа еді!" депті. Сол айтпақшы бұл шаруаны да тәмәмдадым.

Енді PayPal жүйесінде тіркелуім керек. Келесі жазба-есебімде сол тақырыпқа тоқталам.

Жалғасы: PayPal жүйесінде тіркелу

Алдыңғысы: Қауіпсіздіктің қарапайым ережелері

2119 0
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 27 сәуір 2012, 22:53
Тегтер: Ғаламтор, Альянс Банкі, банк, VISA, интернет-банкинг, ПИН-код, жалған ат, құпия сөз
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев