ҰБТ-да не жаман...

ҰБТ-да не жаман...
жеке
блог

 

  Білімдінің жолын надан кессе, сол жаман.
.
  Біреу тынбай, күн-түн демей, айлап, жылдап оқиды, ал басқа біреу көшеден келе салып, ҰБТ-дан әйдік баллдарды қағып кетеді. Құры жүріп, 110-117 алып, айтуға ұялғандардың талайын көрдік.
 .
  Кездейсоқ ұтып шыққан бірен-саранның бағы шапты делік, ал ар-ұятты ысырып қойып, ақшаға сатып алғандарды,
соткамен, шпормен алғандарды Құдай жазаламай ма? Ерінбей еңбек еткеннің жолын кесіп, ешбір еңбексіз орнын тартып алған қылмыс емей немене?! Оларға өмір - ойыншық, өзі еңбек етпеген басқаның еңбегін таптайды. Сол балаларға ақшаға шпор жасап, соткамен алысып жүрген мұғалімдер де жер басып жүр-ау! Ай, әттеген-ай! Пәлен адам қарауылдап, жау ұстайтындай жабылып жүргені қандай қорлық! Сонда амалсыздан өзімізден өзімізді қарауылдап жүр-ау! Масқара.
.
  Бір рет еңбексіз, ақшамен тірлігі біткен бала "өмір деген осылай екен ғой" деп нілдей бұзылды емес пе? "Бір жәрдем берсек, кейін алып кетеді" дейді. Жоқ, ол кейін ата-ананың ақшасының соры, рухани мүгедек, қоғамға зиянды тип болатыны анық. Білімге ғой сол күйі жиіркенішпен өтеді. Өз болашағына өзі балта шабады. Мұндай қылмысты қойсаңдаршы, мектеп бітіруші жастар мен олардың ата-аналары! Білімнің киесінен қорықсайшы, білім алсаң бүкіл өміріңе азық та, күш те боларына әлі де сенсеңші.