Ұтысқа жол талғамайтын көлік

Ұтысқа жол талғамайтын көлік
жеке
блог

    Жұмыстан кеш шықтым, кеш дегенде ағзамыз үйреніп кеткен түңгі 02:30 болып қалу керек. Біраз көше жаяу жүрдім, ойымды сараладым. Түңгі Алматының сұлулығына ешнәрсе жетпейді ғой шіркін. Сөйтіп, жүрсем сағат тілі 03:15 кетіпті. Жол бойына шығып такси ұстайын десем бір көлік жоқ. Көлікті алуға әзірге ойымда бар, бірақ қаражат жеткіліксіз болғандықтан солай жаяу жүрмеміз немесе таксимен. Әйтеуір бір көлік тоқтап көздеген жеріме жеткізді. Үйге келіп ұйықтаймын дегенше таңғы 4-5 шамасы болыпты. Сонымен не керек ұйықтадым. Таңғы емес, күндізгі 10 да тұрып шәйімді ішіп, кітабымды оқып отырып инстаграмға да көз жүгірттім. Бір уақытта Жанат Бақыт тәтемнің суреті жарқ ете қалды, әдеттегідей әңгіме шығар деп комментарийін оқысам... Сізге өтірік, маған шын сенбесеңіз кіріп көріңіз (@zhanat_bakyt) өзінің тізгіндеп жүрген автокөлігін "Жанат Бақыт сән үйінің" ұтыс ойынына қойыпты. Бұл жаңалықты жазбасаң болмайды ғой,иә.