Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Сіз қаншалықты әділсіз?

Сіз қаншалықты әділсіз?

Сіз қаншалықты әділсіз?

                                                                                        Жүрегім менің - қырық жамау,                                                                                               Қиянатшыл дүниеден…

                                                                                                                           Абай

     «Әділет - қиянаттың дұшпаны. Олардың арасында өтетін талас-тартыс күллі адамзат көшінің тағдырына, тарихы мен мәдениетіне сәулесін түсіреді және небір ғажайып шедевр, классикалық туындыны дүниеге әкеледі. Күллі көркем әдебиет классиктері шығармашылығының алтын өзегі - әділет пен қиянаттың  мәңгі айқасы, бітіспес майданы. Көркем әдебиеттегі деймін-ау, күнделікті өмірдегі шындық өзегі де осы тартыс емес пе.»

      Өмірдің түрлі сәттерінде әділетсіздікті көріп, көңіліңіз қалып, күйінген сәттеріңіз болды ма? Дәл қасыңызда тұрған біреудің әділетсіздігінің куәгері болдыңыз ба? Демек, күн өткен сайын өмірдің өзі тұнып тұрған әділетсіздік екеніне көзіміз жетеді. Әділетсіздік  - келесі бір адамды өзінің басына түскендіктен  дәл осы іс-әрекеттерге (әділетсіздікке) итермелейтін шартсыз рефлекс, түрткі секілді. Бұндай жағдаймен бетпе-бет келдіңіз бе? Келмек түгілі, әділетсіздікке жол берушінің өзіне айттыңыз да. Ендеше, қарап тұруға дәрмен жоқ. Олай істемесең, не барлық нәрседен ұтыласың, не адам ретінде жер бетінде өмір сүрудің маңызы қалмайды. Қазіргі таңда әділдікке қол жеткізу – қиянатқа қиянатпен жауап беру ма деп қаласың...

     Екінші жағы тағы бар... әділет - жан тыныштығының кепілі, оны аңсау адам баласына Тәңіріден дарыған қасиет. Шәкәрім атамыз:

Нысап пен мейірім, әділетті,

Жаныңдай көріп жан сақта.

Ол жолда өлсек, неміз кетті,

Мақсұтқа жетпей қалсақ та, - дейді. Жан баласын алдамау, адалдық, әділетті болу сияқты ізгі қасиеттер сіздің табиғатыңызға сай ма? Онда, бұл сіздің ұстанымыңызға айналсын. Бастысы, Сіз  -  өз-өзіңізге, Тәңірінің алдында, ар-ұжданыңыздың алдында адалсыз. Әділдік  -  бұл сіздің тыныш ұйқыңыздың, уайым-қайғысыз, алаңсыз өміріңіздің кепілі. Сіз адам деп аталатын тұлғаның ішіндегі ерекшесі, басқалардан әлдеқайда биігісіз, өмір сүруге әлдеқайда лайығысыз. Адамзат баласы қашанда әділеттікті көксеген және әділеттік жолында күресуден шаршамаған. Ендеше, адал болыңыз, әділ болыңыз. Қай заманда болса да, әділдіктің  жеңіп шығары сөзсіз. Ал, қалғандары қиямет күнінде есеп берер деген ой келеді... Ал сіз ше, қаншалықты әділсіз?

1851 19
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 26 сәуір 2012, 00:14
Тегтер: әділет, мейірім, қиянат, нысап
Пікірлер
+0
26 сәуір 2012, 09:10

Барынша әділ болуға тырысамын. Әділетсіздікті, әдепсіздікті көрсем, өзімді қоярға жер таппай кетемін. Кейбіреулер осы әділсіздікті қолдап, алға тартқанымды аса құптамайды. Мейлі, өздерінің санасы білісін. Өз кезегімде, мен осы бетімнен таймауға тырысып бағамын

+0
26 сәуір 2012, 15:59

Дұрыс істейсің... Иә, кейде санасы білсін деуден басқа амал жоқ кездер де болады

+0
26 сәуір 2012, 10:32

Махаббатпен жаратқан адамзатты
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті!
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және хақ жолы осы деп әілетті!

+0
26 сәуір 2012, 16:08

Осы бабаларымыз бәрін біліп айтып кеткендей...
Алла iшiмдi айтқызбай бiледi ойла,
Бендесiне қастықпен кiнә қойма.
Распенен таласпа мү'мин болсаң,
Ойла, айттым, адамдық, атын жойма!

+0
26 сәуір 2012, 11:20

Ненің әділетті, ненің әділетсіз екенін ұғыну үшін адамға үлкен сана, ақыл керек. Бірақ мұндаймен әрбірі мақтана алмайды.

+0
26 сәуір 2012, 16:10

Сана мен ақылды да анықтау үшін өлшем керек деген ой келді...

+0
26 сәуір 2012, 12:55

адам өз-өзіне қашан да болмасын әділ деп санаймын

+0
26 сәуір 2012, 16:12

Сізбен толық келісе алмаймын...

+0
26 сәуір 2012, 16:42

Бір пікір есімде қалыпты, кім айтқанын білмейм: "адамның әділеттілігі оның жауын қалай бағалағанымен өлшенеді" деп. Әрине, жауласудан Құдай сақтасын, бірақ өзің ұнатпайтын адамның жақсы қасиеттерін, еңбегін, жақсылығын елемей қою әділетсіздік болады. Өзін ұнатпасам да, жаратпасам да, жақсы қасиетін бағалауға, көруге, айтуға тырысам. Сондай жайттар болады өмірде. Жалпы, өзімді супер әділмін демеймін, бірақ әділ болуға тырысамын. Бәрі де ситуацияға байланысты.

+0
26 сәуір 2012, 16:49

Иә, дұрыс айтасыз, ситуацияға байланысты. Супер әділ болу да оңай емес секілді мына заманда...

+0
26 сәуір 2012, 17:26

Міне, жауап! :)

+0
26 сәуір 2012, 17:59

Болсын, мейлі, өкініш көп, тұрмыс тар
Кез-келгенді жылытуға күн құштар
Түгендейтін есебі мен есеңді
"ӘДІЛДІК" деп аталатын бір күш бар!

+0
26 сәуір 2012, 18:10

бррраавоо!!! ;)

+0
26 сәуір 2012, 20:14

Мен өзімді әділеттеі деп санаймын. Алайда менің ойлап тұрған шындығым ақиқатпен сәйкес болуына кім кепіл?

+0
26 сәуір 2012, 23:15

Сол үшін де ақиқат пен өтіріктің, адалдық пен әділетсіздіктің өлшемі керек...Сіз бен біз боп айтып отырған шындық бір бірімен сәйкес келе ме?Әрине, оған ешкім кепілдік бере алмайды.

+0
27 сәуір 2012, 00:29

Шындықты айтам деп талай таяқ жедім. Сонда да қанға сіңген әдет қалмайды екен.

+0
27 сәуір 2012, 20:31

Бірақ кейде, таяқ жегенше өтірік айтып құтыла салған қандай жақсы деп те ойлайсың... ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев