Балалар арбасын қалай таңдауға болады?
жеке
блог

Балалар арбасын қалай таңдауға болады?

Отбасыңызда сәби дүниеге келіп, ата-ана атандыңыз немесе ата-ана болуға дайындалып жүрсіз. Мұндай жағдайда сәбидің заттарын таңдауда қиындықтар кездеседі. Әсіресе нәресте үшін ең маңыздысы - балалар арбасы. Балалар арбасын қалай таңдайсыз? Сіз үшін де, балаңыз үшін де ең ыңғайлы арба қандай болады? Арбаның қандай түрлері бар? Сұрақ көп. 

Төсек бесік немесе аспалы бесік

Фото: 23kolyaski.ru
Фото: 23kolyaski.ru

Төсек бесіктің ерекшелігі - бесік бөлек алынады, кішгірім дөңгелектері бар және астыңғы бөлігін жинап тастай аласыз. Осы арқылы аспалы бесікті еркін алып жүруге болады. Сондай-ақ, мұндай арбаның артықшылығы үлкен дөңгелектер арқылы оны оңай қозғалтасыз. Десекте арбаның жалпы салмағы шамамен 18 килограмм болғандықтан, пәтерден далаға, даладен үйге тасымалдау қиын. Тіпті аталған арба шағын лифтілерге сыймай қалуы мүмкін. Сондықтан аспалы бесік тек жеке үй-жайы мен көлігі бар жұптар үшін тиімді.

Трансформер арба

Фото: sankt-peterburg.kidstore.ru
Фото: sankt-peterburg.kidstore.ru

Ата-аналар үшін ең ыңғайлысы трансформер арба. Баланы ұйықтататын төсек, балалар автокреслосы ретінде және серуендеуге пайдалануға болады. Тез жиналады және ыңғайлы. Трансформер арбаның барлық бөлігі қозғалмалы немесе өзгермелі деуге болады, сондықтан ата-аналар арқалығын, бағытын және алға қарай иілуін жылдам басқара алады. Бірақ бұл арбаның кемшілігі - біраз биік болуы. Егер балаға жиі иілетін болсаңыз бұл арба ыңғайсыздық туғызуы мүмкін.

Серуендеуге арналған арбалар

Фото: ikolyaski.ru
Фото: ikolyaski.ru

Серуендеуге арналған арбалар жаңадан дүниеге келген сәбилер мен 3 жасар бала үшін өте жайлы. Мұндай арбаларды тез жинап алып, автокөлікпен немесе қоғамдық көлікпен де еркін алып жүруге болады.

Сондай-ақ, серуендеуге арналған арбаны балаға ыңғайлы болу үшін арқалығын сәл жатқызып қоюға да болады. Егер күн салқындағанда болмаса орманды жерлерде қыдыруға шыққан жағдайда арбаның қалың жамылғысын қолданған жөн.

 Әмбебап арбалар

Фото: otvetprost.com
Фото: otvetprost.com

Әмбебеп арбаларды бесік, серуендеуге арналған арба және автокресло ретінде пайдалана аламыз. Мұндай арбаны әркім өзінің қажеттілігіне қарай арнайы шассилері арқылы бесік те, серуендеуге арналған арба да, автокресло дажасауға болады.

Мұндай арбаны кез келген жерде қолдануға болады. Сондай-ақ, арбаны қайда қоямын деп ойланудың да қажеті жоқ. Арбаны есіктің жанында қалдырып өзіңізге қажетті автокреслоны немесе аспалы бесікті алып жүре бересіз. Арбаны қолданудың мүмкіндіктері көп.

Үш дөңгелекті арба

Фото: babyprince.ru
Фото: babyprince.ru

Үш дөңгелекті арбалардың пайда болғанына көп болған жоқ, бірақ сөзсіз сұранысқа ие. Бұл арбаны балалар арбасының спорттық түріне жатқызуға болады. Ерекшелігі кез келген жерде пайдалануға болады әрі көшелер қиылысында жиі серуендейтіндерге өте ыңғайлы. Үш дөңгелекті арбада қолмен тежеу жүйесі бар. Алайда ескеретін бір жай арба көлемі біраз үлкен болғандықтан кейде лифтіге сыймай ыңғайсыздық туғызуы мүмкін.

 Егізге арналған арба

Мұндай арба егізі бар ата-аналар үшін ыңғайлы әрі үнемді нұсқа. Мұндай арбалардың серуендеуге арналған түрлері де бар. Арбаны жинауға да, арқалығын сәбилерге ыңғайлы етіп құруға да болады.

Балалар арбасын дұрыс таңдайық

Арбаның қандай түрлері бар екенін білдік. Енді оларды таңдау кезінде қандай ерекшеліктеріне назар аудару керектігін анықтап көрейік.

1. Дөңгелегі

Арба дөңгелегінің үлкен немесе кіші болуының өз артықшылығы бар. Үлкен дөңгелекті арбалардың жүру мүмкіндігі жоғары болғандықтан көбіне қыс кезінде қолдануған жөн. Ал кіші дөңгелекті арбалар жеңіл басқаруға мүмкіндік береді. Сондықтан оны ауа райының жылы кезінде пайданған тиімді. Арбаны сатып алар алдында оның дөңгелектерінің шиқылдамайтынына, балаға және өзіңізге жайлы болуына көз жеткізіп алуға кеңес береміз.

2. Арбаның көлемі

Арбаның көлемі оны таңдаудағы негізгі мәселелердің бірі. Балалар арбасы есіктен, лифтіден, қоғамдық көліктерден кіргізіп-шығарған кезде ыңғайлы болуы керек. Сондықтан арбаны таңдау кезінде оның көлемін, әсіресе енінің көлемін анықтап алыңыз.

3. Арбаның салмағы

Балалар арбасының салмағы ешкімнің көмегін қажет етпейтіндей жеңіл болғаны тиімді. Себебі баламен серуендеуге шыққан әйелдің жанында көмектесетін адам көп бола бермейді. Арбаны таңдау кезінде оны табалдырықтан бірнеше сатыға көтеріп көріңіз. Егер көтергенде артық күш жұмсамайтын болсаңыз бұл сіз үшін ыңғайлы деген сөз.

4. Бала отыратын орын

Бала отыратын орынға да ерекше мән беріңіз. Отыратын орын қатты болмау керек, алайда бала бүгіліп отырып қалмас үшін тым жұмсақ та болмау керек. Ал бала ыңғайлы отыруы үшін оның басын қойып отыратын бөлігі болуы керек және аяқ қойғышы сәбидің аяғының ұзындығына байланысты оңай реттелуі тиімдірек.

5. Арбаның қауіпсіз болуы

Кез келген балалар арбасының құрылымы сенімді және қауіпсіз болуы керек дегенді еске салудың қажеті де жоқ. Себебі арбаның қозғалысы кезінде баланы сақтандырып отыратын қауіпсіздік белдігі міндетті түрде болады. Бұдан бөлек фиксаторлар мен алмалы-салмалы бөліктері арбаның қозғалысы кезінде қауіпті жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

6. Арбаның қорғаныс функциялары

Арбаның сыртқы қаптары ылғалды өткізбейтін материалдан жасалуы керек. Сондай-ақ, арбаның күннен қорғап тұратын жаппасы, жаңбыр мен желден қорғайтын аяққа арналған жамылғы және москитті тормен жабдықталады.

7. Жүк салғыш

Жүк салғыш міндетті емес, бірақ қажетті атрибут. Азық-түлік сатып алғанда немесе бланың заттары мен ойыншықтарын салып қоюда жүк салғыштың қажеттілігі туындайды. Жүк салғыш жинақы әрі ыңғайлы болғаны жөн.

Егер балалар арбасын таңда кезінде дүкен аралап немесе базарға баруға мүмкіндігіңіз болмаса онлайн дүкендерге тапсырыс беруге болады. Мысалы: Kaspi.kz  сайтында Балалар тауарлары бөлімінде қалаған затыңызды таңдап алуға болады. Мұнда суретімен, басқа сатып алушылардың пікірлері берілген. Мұқият таңдауға мүмкіндік бар. 3 айға бөліп төлеуге, әрі тапсырысты үйге алдыруға болады.