Google атам сау болсын
жеке
блог

Google атам сау болсын

«Интернетсіз өмір сүре аласыз ба?» деген сауалнамаға әркім әрқалай жауап береді. Негізгі жауаптары бойынша мынадай қорытындыға келуге болады.

диаграмма

Көпшілік бұл сұраққа «әрине» деп жауап берген. Өйіткені, интернетсіз де өмір сүріп жатқандар қаншама. Ал кейбіреулері бірден «жоқ» деген жауап қайтарады. Олар интернетсіз өмірін мүлде елестете аламайды екен. Бұл шынымен де келісерлік жауап. Көптеген адамдар онлайн интернет арқылы жұмыс жасап, ақша тауып та жатыр. Ал қаншама адам интернет арқылы жалақысын алып, интернет арқылы үйдің коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді төлеп жатыр. Қазіргі кезде жастардың арасында «Google атам сау болсын» деген қалжыңдап айтылатын әзілге жақын шындық сөз бар. Үлкені де, кішісі де іздегенін интернеттен тауып, іздемегенін көзі шалып көріп қалып, керемет бір өмірде сүріп жатқандай болып жүр. Ал бұған келіспейтіндер де жетерлік екен. Мысалы, сауалнама алған адамдардың бірнешесінің айтуы бойынша интернетсіз өмір сүруге болады. Бірақ, әрине, дәл қазіргі қоғамға интернет керек. Сол себепті интернетсіз өмір қиындау. Олардың жауаптары «иә, бірақ қиын».  

«Интернетсіз өмір сүре аласыз ба?» деген сұраққа әртүрлі жауап қайтарылғанымен ешқайсысын жоққа шығара алмаймыз. Барлығының да жауаптары қабылдауға тұрарлық. Біреулер «интернетсіз мүлдем өмір сүре алмаймын, жатсам да, тұрсам да онлайнмын» деп, интернетсіз өмірді қараңғылыққа балап жатырды. Ал көптеген адамдар «жоқ, интернетсіз өмір сүре алмаймын» дегенімен, ойланып тұрып, «бірақ мүмкін. Интернет жоқ болса өліп қалмаймыз ғой» деген болатын.

Әринееее! Интернетсіз өмір сүре аласыздар! Бірақ интернетті қажет етпейтін заманда! Бұрынғы ата-бабаларымыз интернетсіз өмір сүргендігін айтып өткен жолдастар да болды. Иә, ата-бабаларымыз интернет қолданбаған. Қолданбаса да әжептәуір әдемі өмір сүрген. Интернетсіз де өмірлерінің мәні мен сәні кірген. Ал қазіргі қоғамда бәрі басқаша.... Мен барлығына да келісемін, бірақ үлкен әттең-айым көкейімде жүреді. Ол әрине интернеттің адамдарды алшақтатуы! Қарым-қатынастың өзгеруі... Ұялы телефон немесе басқа да құралдардың арғы шеті мен бергі шетінде отырып алып пысықситындар қаншама...

 

 

 

Абылова Шалқар Абылқызы.