Сүйінші мен көрімдікті ажырата аласыз ба?

Сүйінші мен көрімдікті ажырата аласыз ба?
жеке
блог

Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді. Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ. Жалпы қазақ халқында сүйінші жақсылықтың нышаны. Беті балбұл жанып сүйінші сұрай келген адамға қалағаныңды ал, деп қолын еш қақпаған. Күні бүгінге дейін бұл дәстүр жалғасын тауып, сүйінші сұрау жақсылықтың, қуаныштың нышаны болып келеді. Сүйінші берілмеген жағдайда, сұраушының бағалы зат алып қашуына болады. Ал көрімдік жаңа туған балағағ жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Байғазы мен көрімдік екеуі де екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылды. Ал сүйінші беріңіз, бұл дәстүрді санамызға сіңірдік!