"Өгей жүрек" телехикаясы

"Өгей жүрек" телехикаясы
жеке
блог
Күні кеше ғана "Хабар" арнасында "Өгей жүрек" телехикаясы көрерменменге жол тарқан болатын. 12 бөлімнен тұратын бұл хикая, көптеген көрерменнің көңілінен шыға білді. Телехикаяда күйеуінің опасыздығынан қайғыға батып, тағдырдың қатал сынына ұшыраған Бибігүлдің ендігі өмірі, әке мен ананың сүйіспеншілігіне ие бола алмаған жетім балалардың тағдыры бейнеленген. Телесериалдың бас продюсері- Баян Мақсатқызы тағдыр тауқыметіне ұшыраған жетім балалардың өмірін тағы бір мәрте суреттеп отыр. Алғашында "Ғашық жүрек или коктейль для звезды" атты 1 сериялы фильмді жарыққа шығарса, кейіннен 25 бөлімді "Ғашық жүрек" сериалын көпшілік назарына ұсынды.
Бұл телеxикаяда жетімдер үйіндегі балаларды шет ел азаматтарының асырап алуы, осыған қарсы заң күшінің қауқарсыздығы айқын бейнеленеді. Телеxикаяның басты кейіпкері- Кәмшат Жолдыбаева фильмдегі өзінің қайсарлығы мен мейірбандығының арқасында көпшілік көрерменнің жүрегінен орын алып үлгерді. Басты рөлдерді сомдаған қайсыбір кейіпкерді алып қарасақ та, олардың әртістік шеберліктерінің жоғарылығын атап айтпасқа болмас. Әсіресе "Кино" әлемінде әлі буыны қатпаған, жас актриса- Жәния Қалиева аса дарынды талантымен көрермен көзайымына айналды.
Отандандық "Кино" саласына айтарлықтай өз үлесін қосып жүрген атақты продюсер- Баян Мақсатқызына айтар алғысымыз зор. Алдағы уақытта да өзінің таң-тамаша туындыларымен көрермендерін қуантады деп сенеміз.