Арманымнан бас тарттым...

Арманымнан бас тарттым...
жеке
блог

Осы соңғы екі айға дейін мүлдем басқа адам едім.Киноға түсіп,сәнді киініп,газет-журнал бетінде жүрсем деп армандандадым.Тіпті,ол арманымнан бас тартпайтыныма сенімді болдым.Күні-түні киноға түскенімді көз алдыма елестететінмін.Кейде,сол арманым орындалғандай жылап алатынмын.Үш-ақ секундта ойым өзгерді.Екі ай бұрын мен отырған такси жол апатына ұшырады.Көліктің сау жері қалмаған.Ал, менің,әпкемнің,сіңлімнің еш жеріне ауыр зақым келмеді.Көз алдымда өмірімнің барлық сәті өтті,содан кейін қара түнек,сосын есімде жоқ.Ауруханада жатып ,барлығын сараладым.Өліп қалғанымда арғы өмірде не айтар едім?- дедім.Адамның өмірі-Алланың қолында екенін ,өлмек үшін туғанымды біле тұра жақсылықты сирек жасаушы ем .Тек арманыма жетсем деп жүріппін.Ауыр жағдай тап болғанына мен сияқты қуанған адам бар ма екен?! Сол жағдай арқылы көп нәрсені түзеттім.Өлім қай кезде кездесетінін білмейміз.Барлығы уақытша.Жақсылық,сауапты іс,ғибратты сөз-мәңгі.Бала кезімнен ұйқтарда-киноға түсіп,атақты болуды,содан кейін жүрегімнің иманға толы болғанын сұраушы едім.Екінші арманымның қабыл болғаны үшін Аллаға шүкір етемін.Атақтың уақытша екенін түсінген мен арманымнан да бас тарттым.Құлаққап тағып киноға түсуді армандайтын мен,қазір ғибратты дүниелерді оқумен өткіземін.