Театр мәдениеті

Театр мәдениеті
жеке
блог

Соңғы уақыттарда театр актерлеріне сыни көзқараспен қараушылар көбейіп жатқанын байқаймыз. Режиссердің жұмысы,қойылымның сценарийі,сахна мәдениетіне көңілі толмай жатқандар артты. Бірақ, ешкім көрермен мәдениетін ескермейді.  Менің ойымша, осы мәселеге де ерекше көңіл бөлу керек секілді. Бүгінгі күні театрға барсаңыз, мәдениетті халықты көру қиындап кеткенін байқайсыз. Бұл ащы болса да шындық. Себебі,көрермендер қарапайым ұялы телефондарын өшірмей, қойылым кезінде оның қоңырауына ие бола алмай жатады. Жастар қойылым көруге емес, әңгіме айтып, көңіл көтеруге келетін секілді. Жырқ-жырқ күлкі, бос әңгіме театрды шын ниетімен көруге келген адамдарды мезі етіп, оларға кедергі жасайды. Тіпті театрға спорттық киіммен келетіндерді де байқаймыз. Айта берсек,кемшілік көп.

"Қара халықтың мәдениетті болуынан,мәдениетті адамның қазақ болу қиын",- дейді Жүсіпбек Аймауытов. Бәрі өзімізге байланысты. Егер театр ұжымынан жоғары деңгейдегі қойылымды күтсек,өзімізде сол деңгейге лайық болайық!