Құлпынай иісі

Құлпынай иісі
жеке
блог

      

      Көрермен көңілін бірден баурап алып, аз ғана уақыт ішінде махаббат хикаясымен елді ерітіп әкеткен «Құлпынай иісі» фильмі танымалдылығымен таңғалдырып келеді. 2015 жылы маусымның 24-жұлдызында тұсауын кескен «ғашықтар оқиғасы» сол мезеттен-ақ, жастардың жанарын жаулай түсті. Тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленген, кербез қылықты, көркем сұлу Аслы мен байдың ерке баласы, сымбатты, сері жігіт Бурактың кездейсоқ, ғажайыпқа толы сезімдері жайлы өрбиді телехикая. «...Шын махаббат қарамаудан басталады,» - дегендей, бойжеткен мен бозбаланың алғашқы кездесуі романтика емес, тіпті, керісінше, соқтығыс сюжетінен бастау алады. Арманы алысқа жетелеген Аслы, құрбысымен бірге Бодрумға жұмыс бабымен жол-сапарға аттанады. Дегенмен, ол өмірін түбегейлі өзгертетін  тосын сыйдың күтіп тұрғанын сезбеген де болатын. Қызқұмар, еркетотай, шатақ мінезді Бурактың ешкімге дес бермеген асау жүрегінің түкпірінен Аслы орын алады. Алғашында, бір-бірі үшін жаралғанын сезе қоймаған қос ғашық, кейінен, тағдыр жолдарын бірге жалғастыру үшін, кез-келген әрекетке дайын екендерін дәлелдейді. Комедия, шытырман, мелодрама, ғажайып сезімге толы бұл телехикаяның басты нысаны: «Ұнатпаушылықтан сүюге бір қадам».

 

Телехикаяның басты кейіпкерлері:

Аслы – Демет Оздемир;

Бурак – Юсуф Чим;

Волкан – Экин Мерт Даймазт;

Чагла – Гёзде Кая.

  • Демет Оздемир – актриса, биші. 1992 жылы 26 ақпанда Коджаэли қаласында дүниеге келген. Ата-анасы белгілі бір себеппен ажырасып, 8 жасында Стамбулға анасымен бірге көшіп келеді. Ең алғаш рет 2014 жылы «Курт Сейт и Шудра» фильміндегі Алия деген қыздың ролін сомдайды. Ал, өнер жолындағы белесінің өркедеуі, 2015 жылы «Держите слова» және айтулы «Құлпынай иісі» телехикаясына басты рольге шақырту алуы болатын. «Аслы мен Деметтің ұқсатығы аналарымыздың қатал мінездерінде, ал, айырмашылығы, мен Аслы секілді позитивті емеспін,»-деді Оздемир ханым.

      Телехикаяда құлпынай тәттісін ұнататын актрисаның өмірдегі сүйікті бәліші: шоколадтан және шие жемісінен жасалатын тәттілер болып шықты.

  • Юсуф Чим – 1991 жылы 26 қыркүйекте Стамбул қаласында, көп балалы отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітіріп, Арель атындағы «телеведения және радио» мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнында білім алған. Өнер жолын 2009 жылы жарнама түсуден бастайды. 2011 жылы модельдер арасындағы ірі байқауға қатысып, «Ең үздік түркия моделі» атағын жеңіп алады. Юсуфтың кино әлеміндегі жұлдызы 2014 жылы жана бастайды. Танымал режиссер Тайфун Гюнейер шақыртуымен «Эзра» фильміндегі комиссар Мұстафаның ролін сомдайды. Модель, әнші әрі тележүргізуші, атақты актер  қайырымдылық ісімен де айналысады екен. Өзін әр қырынан танытып жүрген Юсуф Чим аталмыш  «Құлпынай иісі» телехикаясындағы сомдаған жігіт  жайлы былай дейді: «Бурак маған мүлдем ұқсамайды. Ол анасының ерке ұлы әрі қызба мінезді жігіт. Мен оған қарағанда сабырлымын. »
  • Экин Мерт Даймазт – актер, модель. 1990 жылы 2 желтоқсанда Нидерландия елінде дүниеге келген. Бала кезінен спортқа жақын болған ол, баскетболмен қызыға шұғылданған. Экин арнайы модельдік оқуға түсіп, өз ісінің маманы болып шығады. Тіпті, ол «Ең үздік әлем моделі» атағын жеңіп алған. Экин Чим 2014 жылы кино әлеміне бетбұрыс жасайды. Ең алғаш түскен фильмі – «Not Deften». Дегенмен, оның жұлдызын жарқыратқан – «Құлпынай иісі» телехикаясындағы Волканның рөлі.

      Экин Чим: «маған айтар ойы,нақты шешім жасай алатын, өз-өзіне сенімді қыздар ұнайды. Мен тәрбиелік пен қарапайымдылықты бағалаймын,»- дейді бір сөзінде.

  • Ø Гёзде Кая – кино әлеміне енді ғана аяқ басып келе жатқан жас актриса. 1997 жылы Стамбул қаласында дүниеге келген. Ол – танымал, көптеген жандардың жүрегін жаулап жүрегн актриса Хазал Каяның туған сіңілісі. Актриса мамандығын таңдауда еш ойланбаған, өйткені ол әпкесінің өнеріне тәнті болып өскен. Гезде ең алғашында түрлі жарнамаларға түскен. Түркия елінде әпкелі-сіңілі Кая отбасының сұлу бойжеткендері өте танымал. 17 жасар Гёзде сұлулық байқауында жеңіске жетіп, «Құлпынай иісі» телехикаясына түсуге ұсыныс алады. Бұл – Гёзденің кино әлеміндегі алғашқы дебюттық ролі.