Анаға апарар жол...

Анаға апарар жол...
жеке
блог

Бүгін Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмін тамашалап қайттық. Керемет туынды! Алған әсеріміз ерекше. Отандық киноның шоқтығы биік туындысы.

Баласын күткен ана... Жігітті күткен бойжеткен... Соғысқа дейінгі, соғыстан кейінгі жылдардағы халықтың тұрмыс-тіршілігін,қиын-қыстау кезеңді көре отырып, қазіргі күнімізге шүкіршілік еттік.

Ең бастысы, қазақ киносының осынша терең тақырыптарды ашып көрсеткеніне қуандым.

Бұрындары, қазақ фильмдерін көргенде актерлердің жасанды қылықтарын көріп көңілім түсуші еді. Білесіздер ме, бұл фильмде бәрі шынайы! Актерлердің ойыны қатты ұнады. Әсіресе, ана мен бала өздерінің образдарын керемет сомдап шыққан. Олардың арасындағы ештеңкеге тең келмес, кіршіксіз махаббат көрермендердің көзіне еріксіз жас ұялатты. Фильм батырлық,сенім,үміт,махаббат туралы. 

Өмірдегі ең маңызды,ең құнды нәрсе не?Біз нені армандаймыз? Ең бастысы,мына жалғандағы жалғыз жанашырларымыз ата-анамызды неге қадірлеп,бағаламаймыз? Бұл фильмді көрген әрбір көрермен өзіне осы сұрақтарды қойған секілді.

Өмірде біз ойлағаннан да маңызды нәрселер бар. Ал оны өзіңіз көріп,жүрек түкпіріңізге кішкентай болсада сенім мен мейірім ұялатқыңыз келсе 2 сағат уақытыңызды бөліп, фильмді тамашалауға кеңес беремін.