Қазақ бардының королі

Қазақ бардының королі
жеке
блог

Ғаламтор парақшасынан ән іздеп отырып керемет жүрек иірімдерін дәп басар тамаша әнге кезіге кеттім. Мағынасы сондай мазмұнды, мәйекті. Енді әнді тудырған жандарды іздей кеттім. Сөйтсем әннің иесі қазақ бардының тұңғыш орындаушысы Табылды Досымов екен. Кеше ғана жас ғалымдар конференциясында факультетіміздің бір жігітінің қолынан ғылыми жұмысын аңдап қалған едім. Енді расымен есім кетіп, бард құдіретін қазақтың жазира даласына әкелген жан туралы ақпарат іздей бастадым. Енді соларды сіздермен бөліссем. Мүмкін, біршамаңыз білерсіздер, ал мен осы уақытқа дейін бұл адам туралы білмеппін.

Алдымен, бард деген не екеніне тоқталып кетейін. Бард – келттің bardos – айту, орындау деген сөзінен бастау алады. Ал тұңғыш қазақтың бард орындаушысы – Табыл (Табылды) Досымов.

Табыл (Табылды) Досымов 1965 жылы 15 шілдеде Атырау облысы Индер ауданы Индербор ауылында туған. 1982 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетіне оқуға түскен. 1983-85 жылдар аралығында Германияда әскери борышын өтеген.1990 жылы Атырау телерадиокомитетіне арнайы жолдамамен келіп, жаңа облыстық телевизияның құрылуына атсалысқан. Бұдан соң облыстық Н.Жантөрин атындағы мемлекеттік филармонияда шығармашылық жұмыспен айналысып, кейін Индер аудандық тіл басқармасының басшысы болып, облыстық Махамбет қорына жетекшілік етті. 2000 жылдан өмірінің соңына дейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. «Жанарымның жарқылы», «Ұнатамын мен сені», «Жайықтың толқындары», «Табылдың әні», «Хаттар», «Мен қазақпын», «Биіктік», «Қара гүл», «Сәйгүлік» атты өлеңдер мен ән мәтіндері жинақтарының авторы.

Автордың "Биіктік" деген әнін мына жерден тыңдай аласыздар: