Алия Назарбаеваны жылауға мәжбүр еткен фильм

Алия Назарбаеваны жылауға мәжбүр еткен фильм
жеке
блог

Режиссёр Ақан Сатаев пен Тимур Жақсылықовтың продюсерлігімен түсірілген "Анаға апарар жол" кинокартинасының тұсаукесері Алматыдағы ең үлкен залы бар Республика сарайында өтті. Фильмнің әлемдік тұсаукесері осы жылдың жазында Мәскеудегі xалықаралық кинофестивальде болған.

Көрсетілімнен кейін киносүйер қауым фильмнен алған әсерлерімен, ой-пікірлерімен бөлісті. Олардың барлығы дерлік ризашылықтарын жеткізіп, төл туындыны жоғары бағалаған. Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен кинофильмнің бас директоры Алия Назарбаева да осындай ойда. Президенттің қызы   өз сөзінде "Оны қанша рет қарасам, сонша рет жылаймын" деп кинотуындының қалың көрермен назарына  ат салысқан жандарға риза екендігін білдірді.

Қазіргі таңда кинолента барша алматылық және қазақстандық кинотеатрларда көрсетілуде.