Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ардың құлы (Дуэлянт)

Ардың құлы (Дуэлянт)

Ардың құлы (Дуэлянт)

P.s. Блогты фильм көріп болған соң оқуға кеңес беремін.

Генерал –лейтенант Егор Петрович Ковалевскийге кезекті баяндамамды жасап болған соң, Сыртқы Істер Департаментінен шығып Петербордың көркем көшелерімен Үлкен Конюшенная алаңына қарай серуендеп келемін. Мен келгелі ақ жауыны тиылмаған Петр қаласының бүгінгі көңіл-күйі жадыраңқы. Американдық мистик-жазушы Эдгар Алан Поның шығармаларындағы готикалық қалалардай күңіреніп тұратын Петербор күн шуағын төккенде ерекше құлпырып кетеді екен. Бұл көңіл маған да берілгендей шуақты күннің ырғағымен тамсана тамашалап келемін.

Колочев қайтер екен?

Міне, Исаакий соборының тұсынан өтіп барамын, жылаған аспанның көз жасын төгіп тұратын күмбезі қазір күнмен шағылысып қарсы беттегі үйдің терезесіне сәуле шашып тұр екен. Терезенің ар жағынан төмендегі ығы-жығы халыққа тесірейе қараған граф Беклемишевті көзім шалды. Бұл кісімен алғаш Петерборлық қоғамның қаймағы жиылатын кештердің бірінде Ковалевкий мырзаның неміс граф жолдасы таныстырған болатын. Жүзіңе тік қарап, қолыңды қысқан кездегі суық жүзі бір сәтке денеңді тітіркендіріп, санаңды дуалап алатындай көрінген. Қазірдің өзінде базарда саудаласушы жұртшылыққа қарап тұрғанымен, ойға шомылып бір нүктеге сұқтана қалған көзқарасы терезе түгілі соборды тесіп өтердей.

Колочев қайтер екен?

Сұлу Неваны жағалай жүріп келемін. Кенет күн райы бұзылайын деді. Бұлт жиналып, күн күркірей бастағанда, бұл қала баяғы әніне баспай тұрып нөмірі 27 үйге жетіп үлгердім. Алып шаһарға алғаш келген күнімнен орыс достарымның кеңесімен осы “Демут” қонақүйіне орналасқанмын. Қазір әбден үйренісіп қалдым, бір жағынан орналасқан жері де ыңғайлы. Сыртқы Істер Министрлігіне де, Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының ғимаратына да жаяу барып-келуге болады. Босағадан аттай бергенде, консьерж жігіт қолыма хат ұстатты. Онда: “Мен сізге шынымен ғашықпын... Сіз өз ұлтыңыздың нағыз Еуропалық білім алған алғашқы ұрпағысыз... Ізгі ниетпен Ф.М.” деп жазылыпты. Петерборға алғаш келген кезімде де осы Федор Михайловичтің тікелей ықпалымен географиялық қоғам мені ыстық ықыласымен қабылдаған болатын. Өз елімде басталған таныстық, жыл өткен сайын тереңдеп, достыққа айналып келеді. Бөлмеме кіріп, сәл жантайа тұрайын деген оймен кереуетке қисая кеттім. Санамды бір ой мазалайды. Екі тәулік бойы. Сол шер тарқасудан бері.

Колочев қайтер екен?

Дворянин Колочевпен таныстығым Неваның жағасында басталған. Халқымның мамыражай көңілі мен қонақжай дастарханын аңсап өзенді бойлай орналасқан базардан шығыс дәмдерін іздей шыққанмын. Ештеңе таппаған соң, сәл тыныстайын деп жағаға жайғаса кеттім. Ойға шомылып отырып, қасыма қайықтың жақындап қалғанын сезбеппін. Бос қайық екен десем, ішінде сылқыған мас жас жігіт жатыр, қолында шараптың бос бөтелкесі. Жағалауға шығуға менен көмек сұрап, қолын созды. Денесін алып жүрер емес, кенет аяғымның астына бейтаныстың жігіттің төс қалтасынан алтын жалатылған икона түсті. Оны көтере бергенімде, жанағы өз денесіне ие бола алмай тұрған жігітім иконасын сау адамдай қолымнан жұлып алды.

- “Әдемі бикеш екен. Сүйгеніңіз бе?”

Біраз кідіріп, алғашқыдай емес, сәл жылы жүзбен:

- Өзге ұлттықсың. Алеут емессің бе? Алеуттерге қарыздармын. Мені Петербор жұртшылығы “Миллиондық өлім машинасы” деп атайды. Естіген шығарсың... Дуэлянт ретіндегі мінсіз мансабым солардың арқасы. Шаманның дуасы жараға шипа болғанымен қоса, өлімге араша болып жүр. Бірақ, мен ғажайыпқа сенбеймін...

- Дворянин Яковлев болғаныңыз ғой. Сізбен жолығамын деп ойламаппын... Кісі өлтірушіден көңіліңіз тыныш емес секілді деп сұраған орынсыз болар. Дегенмен...

Ол маған сол кезде неліктен ағынан жарылғаны мен үшін әлі құпия. Әйтеуір ағарып таң атқанда ақтарылған сыр ерке Неваның жүрегінің түбіне кесек-кесек құлап жатты:

“Суреттегі менің анам. Марқұмның сұлу болғаны сонша, сәби кезімде оның аппақ жүзі мен жібек шаштарына қол тигізуге сескенетінмін. Мен әскери қызметте жүргенде, барша Петерборлық элитаға таныс Беклемишев анамның арын таптап, абыройын төкті. Ол болса бұл масқараға шыдай алмай, өз өзіне қол жұмсады. Мен оны естігенде ызаға булығып, Беклемишев сұмырай құтылып кеткенімен, қасындағы жолдасын атып үлгердім. Кейін, ол жоғары жаққа шағымданып, жұрт алдында мені әкеден балаға мұра болып келе жатқан дворянин атағымнан айырды. Мың дүре соғып, өлім аузында жатқан мені Алеут аралдарына аттандырды. Ол жақта Алеуттік шамандар көмегімен қалпыма келген кезде, жағалауда әскердің мәйітін жолықтырдым. Қалтасында құжаттары бар екен. Содан мен дворянин атағынан айырылған Колочев емес, еңбек демалысындағы офицер, дворянин Яковлев болдым.  Қалаға қайта оралғандағы мақсатым ата-баба мұрасы барон атағын қайтару. Дворянин үшін тапталған абыройды тек қан арқылы қайтаруға болады. Мен тектінің ұрпағы, ардың құлымын” ...

... Колочев қайтер екен?

Кереуетте жатып көзім ілініп кетіпті, есіктің тырсылынан ояндым. Егор Петрович келіп тұр екен: “Бүгін ұлы княгиняның үйінде кеш ұйымдастырылып жатыр. Сені құрметті қонақ ретінде өзі шақырды ”. Мұндай мәртебеден бас тартпай, Лондондық дендидей киініп, княгиняның сарайына қарай жол тарттық. Ішім бірдеңені сезеді.

... Колочев қайтер екен?

...Кенет Колочев жиналған қауымның ортасын қақ жарып, дәл Беклемишевтің алдына кеп оның арсыз жүзіне сұқтана қарады.

Дуэль.

Беклемишевтің оғы Колочевтің дәл жүрегіне тиді. Менің көңілім орнына түсті. Өйткені, оның кеудесін анасы үнемі қорғап тұрады. Кезек Колочевте. Ал, дуэлянт ешқашан мүлт кетпейді.

Сарайдан шығар тұста терісін сыдырып кеткен оқтан сәл есеңгіреген Колочев менің қолымды қысты:

“Танысқаныма қуаныштымын, Уәлиханов мырза!”

P.s. Маған фильмнің атмосферасы ұнағаны соншалық, ол туралы пікір орнына, қиялымнан туындаған дүниені жазуға бел будым. Фильм оқиғасы 1860 жылы орын алып отырғанын білген кезде, дәл сол 1860-61 жылдары қазақтың дара ұлы Шоқан Уәлихановтың сонда болғаны есіме түсті. Сол жылы фильм барысында қайта-қайта көрсете беретін Исакий соборының алдынан Шоқан күнде өтетін. Өйткені ол Үлкен Конюшенная көшесіндегі 27 үйде орналасқан Демут қонақ үйінен Географиялық Қоғам ғимаратына баратын. Ғылыми диссертациям негізінде білген ақпаратты қолдана отырып, фильм кейіпкері мен Уәлихановтың тағдырлары тоғысқан деген қиялға аздаған шынайы тарихи деректер де енгіздім. Бұған қалай қарайсыз? Айтпақшы, консьерж берген хатты Достоевский шынымен жазған болатын.

2
Рейтинг: +9

Жазылған уақыты: 29 қыркүйек 2016, 18:41
Тегтер: дуэлянт, Петербор, кино, блог, көзқарас

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.