Көзден аққан бір тамшы жас
жеке
блог

Көзден аққан бір тамшы жас

Бұл күндері мендегі сезім өзгеше ...  Өз бойымдағы нәзік болмыстарым - сезімім, ой-өрісім, ақыл-ес, түйсік және "мен" деген түсініктерім өзгерген.  Әр таң алға қадам басқан сайын,өмірді жаңа қырынан танып, алдымнан шығатын  сынақтарға еңсемді тік ұстап, қасқайып  тұруды үйреніп келемін. Ең бастысы- адамдық көңіл қымбат екенін санама сіңірудемін. Ашу-ыза, бақталастық пен көреалмаушылық, қызғаныш, ақша, түсінбеушлік пен өкпе-реніштерден қарағанда, өзіңе де,өзгегеде  жылу сыйлайтын адами ізгі қасиеттер мың есе артық екенін кей жандарға түсіндіргім келеді.  Расыменде бұл өмірде,бір адам екінші адамға аздаған жүрек жылуынан басқа не бере алуы мүмкін?! Өмірде одан артық тағы не болы мүмкін?! Ал, менің  жүректен шығып жатқан осы сөздеріме арқау болған, осы бір пәни дүниенің маған жарығын сыйлап, барша жақсылық атаулыны бойыма сіңдірген, маған деген шексіз махаббаттың иелері -ардақты әкем мен аяулы анам!  Қанша "білеміз ғой",- деп дандайсып кетсекте, өмірде  ана алақанының қызуы мен әке шеше мейірімін, тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де, өзгелердің махаббаты да алмастыра алмайтынын жете түсініп, толықтай қадірін біле бермейміз. Сезініп, мойындау, ұғыну бір бөлек. Ал, соны санаңа сіңіріп, ақылмен қадам жасап, мардымды әрекет ету мүлдем бөлек дүние. 

   Ата-анамнан жырақта өтіп жатқан оқу жылдарым, жүректегі сағынышым мен бойымдағы ыстық махаббатым мені терең ойлы теңізге сүйрейді...  Алтындарым-оу, жатса-тұрса бір Алладан тілейтіндері біздің тілеуіміз, ойлайтындары біздің қам.  

"Балам-балам,балам",-деп өмір сүріп, қартайғанда немерем деп ақыры өздеріне бір шұлықтыда жетістіріп алып кимейді ғой. Өздері ішпеген тамақты, баласына деп дорбалап тасып, барын аямайтын ата-ана. Өмірге әкелгеннен өбектеп, ақыры аяғы бір отау етіп шығарып, үйін салып беріп, сол төрт қабырғалы үйде  шайын қойып, немерелерін бағып,  амандығын тілеп отыратын  әке-шешені аялап Меккеге көтеріп апармақ түгілі, сол еңбектерін бағалай алмай жүрген азаматтарым қаншама?!  Қабағы бір ашылмайтын, көңіліне ешетеме жақпайтын әйелінің қас-қабағына қарап, ата-анасына уақыты жетпей жүрген жандар туралы әңгіме бір бөлек. 

 Әке-шешенің қадірін -балаң өсіп, біраз жасқа келіп артыңа қарайлай бастағанда түсінерсің! Бірақ,одан келіп кетері барма?! Көңіл бөлмеді деп ренжіп,сенен қол жайып ата-анаң ешетеме сұрамайдыда, ол кісілерге сенің бақытыңнан артық, дүниенің маңызы да жоқ.  

Кейіннен қалары тек өкініш...Қалатыны өзегіңді өртеген ауырлық, шарасыздық, уақытты қайтара алмағандықтан, іштегі күйіктен шығатын - бір тамшы жас...

Менің өмірдегі басты қамқоршыларым, шаңырағымның ұйтқысы -анашым, тірегіміз - әкетайым! Отбасымның дәнекерлері, барлық бақытымның кілті, жұмағымның патшасы мен патшайымы- әрдайым қасымда аман жүріңіздер! Бала дүниеге келгенде  ата-анасын таңдамайды. Ал менің жолым болғыш екен, әлемдегі ең керемет жандардың қызымын. 

Мендегі бұл көзден аққан "бір тамшы жас" - Аллама деген шүкірліктің, бақытты өмірімнің, дәл қазіргі қуанышымның бір тамшы жасы!