Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Реніш...Кешіре алмаймын..

Реніш...Кешіре алмаймын..

Реніш...Кешіре алмаймын..

6ай бұрын есімнен танарлықтай әңгіме естідім. Менің жақын құрбым, сырыммен бөліскен, бір тоқашты бөліп жеп, бір сусынды бөле ішкен жан досым менің артымнан ғайбат сөздер айтып жүр екен.Менің бетіме күліп жүріп неше жыл бойы менің артымнан сөз таратыпты. Не себеп болғанын білмедім олай айтуына бірақ мені тәрбие көрмеген, көргенсіз етіпті. Сол алты ай бұрын өзі аяқ асты тұрмыс құрды, сол тойға да өзімді қинап бардым. Менің дым да көңіл күйім болған жоқ сол тойда, ал ол тойды кезінде мен армандап, қанша жыл елестетіп жүрген едім. Содан бері құрбыммен араласуды доғардым.... Уақыт өтіп жатты, агентте жазып жүрді, құрғақ жауап беріп қана жүрдім. Ол баратын жерлерге бармауға тырыстым.Өйткені жан құрбысы мен есту керек жаңалықтардың барлығын менен басқалардан естуші едім.. Бүгін басыма тағы жай түскендей болдым, Құрбым ұлды болды. Әрине періштенің дүние есігін ашқанына қуандым, Досым үшін қуандым аман есен босанғаны үшін, бірақ бұл жаңалықты тағы бөтен біреуден естідім. Тағы айтайын деегенім сонда ол тұрмысқа жүкті болып шықты ғой, енді міне босанды. Ал кезінде осындай лас тірліктерді менің мойыныма артқан еді. Кешіре алмай келемін әлі. Досымды бәрінен ақтадым неге тұрмысқа аяқ аятынан шығып жатыр дегенге Жігіт жақтағылар той болсын деп жатыр деп, қазір өкінем, әліде кешіре алмайды екенмін Құрбымды. Маған жасаған сатқындығы үшін... Құрбымды құшақтағым келеді бұрынғыдай , бөбегін сүйгім келеді құмарлана, бірақ олай жасай алмаймын, өйткені ренішім тарқар емес. Ех, неге реніш кеудемді билеп алған ааа????

Жылап отырмын не үшін екенін түсінбей

жылаймын

 

Мааған кеңес беріңіздерші ішімдегі ренішті қалай өшірсем екен, құрбымды қалай кешіремін((((((

11859 21
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 23 сәуір 2012, 22:48
Пікірлер
+0
23 сәуір 2012, 23:12

Сыртымнан ғайбаттады дегенге ренжулісіз деп түсіндім. Жалпы, дінде: «Біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген бауырының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине, жек көресіңдер» («Хұжырат» сүресі, 12-аят). Яғни, Аллаһ Тағала ғайбат айтуды бауырыңның етін жегенмен тең деп ескерткен. Әр пенде өз ісіне есеп берер, сіз реніш, ашу сақтамаңыз. Мейірімді, кешірімді болуға ұмтылайық. Өз қателігін түсінер, "Таспен ұрғанды, аспен ұр" деп бекер айтпаса керек. ;)

+0
23 сәуір 2012, 23:22

өз басына таяғы тиген соң менен кешірім сұрар деп күттім бірақ сұрамады ғой, мен бәрін ұмытып келе жатыр еді, міне бүгін тағы есіме түсірді... :(

+0
23 сәуір 2012, 23:14

Просто араласпай кет и все.

+0
23 сәуір 2012, 23:21

сол жағы қиын болып тұр ғой :(

+0
24 сәуір 2012, 09:04

Жазико, Анарка Мустын сөзіне құлақ ас, енді қайтып ол адамға қалай сенесін, болса да бұрынғы достық қарым-қатынас болмайды.. :!:

+0
24 сәуір 2012, 09:16

Ішеңнен кешір, араласпай кеткен дұрыс шығар.

+0
24 сәуір 2012, 09:31

мен бәрін ғайбаттаймын, мені бәрі ғайбаттайды - ит`с лайф

+0
24 сәуір 2012, 11:23

жан досыңызда ма??? сіздер әзілдесетін шығарсыздар солай....

+0
24 сәуір 2012, 12:13

жан дос та адамның, соның ішінде, пенденің баласы)

+0
24 сәуір 2012, 10:22

Мұның бәрі уақытша нәрсе екенін, тіпті осы ренішіңіздің де, ол адамның да уақытша нәрсе ғана екенін түсінсеңіз болғаны, бәрін жеңіп шығасыз!

+0
24 сәуір 2012, 11:02

ғайбатты, яғни біреуді біреу жамандап жатқанжерден қаш. Сосын құрбыңмен жақсылап тұрып, ашық сөйлес. араласпай кету - әлсіздің ісі. мен осылай жасар едім.

+0
24 сәуір 2012, 12:24

BuL JeRde meNim TuSinGeNim SiZdiN SuiGeNiZbeN juRiP SoGaN TuRmiSka wiGiP keTTiGoooooI SoLaima?

+0
24 сәуір 2012, 13:56

жоқ а, сүйгенім қасымда :)

+0
24 сәуір 2012, 14:33

"Алла Тағала кешірімді, одан асып қайда барам..." - дейтін біреу. Қанша қиын болса да, кешірген дұрыс секілді

+0
24 сәуір 2012, 14:55

реніштің басы неде екені ашылмай қалыпты.Жалпы, қыздар арасында шынайы достықтың болуы екіталай нәрсе. Сіздердің басты реніштеріңіз жігіттен болмаған шығар деп сенейін.
Ал,оның сыртыңыздан ғайбат айтуы дұрыс емес екен.

+0
24 сәуір 2012, 14:56

Жазира, сенің жазбаңды оқып, өз басымнан өткен жәйт есіме еріксіз тусіп кетті. Менің де 11 жыл бірге оқып, қара нанды бөліп жеп, өзімнің сыңарымдай болып кеткен жан досым деп журген қыз қатты көңілімді қалдырған еді. Мектеп бітіргенімізге 10 жыл, ауылға баруға дайындалып журміз. Жол журуге 2 кун қалғанда төбемнен жәй тускендей болдым: менің жан досым, қыздарға звандап, Ол барса мен бармаймын, Ол ажырасқан ғой, куйеуім онымен араласқанымды қаламайды депті. Жығылғанға жұдырық, маған ең өмірімдегі қиын сәтте демеу болғанның орнына айтып отырған сөзі, суйегімнен өтті. Оныкі дұрыс шығар бәлкім, ойлана келе, бәрі жұптасып барғанда шыныменен нем бар ол жерде деп, бармай қалып қалдым. Сыныптастарыммен де араласпай кеттім. Қатты куйзелдім, қиналдым, жыладым, сықтадым, бірақ өмір дөңгелеп өте берді. Одан бері 5 жыл өтіпті ғой. Осыдан бір ай бұрын ол қыздың анасы қайтыс болды, бардым. Мені құшақтап жылап кешірім сұрап жатыр, тусінбедім. Сөйтсем, 10жыл бірге тұрған күйеуімен жарты жыл бұрын ажырасып кеткен екен, енді 3 баламды қалай жеткізем деп еңіреп отыр, жалғаз анасынан басқа ешкімі жоқ еді. Аққа құдай жақ деп бекер айтылмаса керек. Кешірдім, кештім, енді соған жұмыс тауып берейін деп іздеп журмін. Бұрынғыдай, бәрібір бола қоймас, дегенмен де, қазір оның өміріндегі қиын шақ, осы кезде қасында болып демеу болсам, сосын не боларын бір Алла біледі...
Кешіріңдер, өз өмірім туралы айтқанды ұнатпаушы едім, ұзақ жазба болып кетіпті

+0
24 сәуір 2012, 18:10

олдамені бүкіл құрбыларымызға жамандап келген, мен сүйіктіммен қыдыратынмын, әрине құрбымды сылтауратып шығамын үйден, болған заттың барлығын айтып беретінмін құрбыма... Бірақ ол мені тәрбиесіз, көргенсіз, бұзылған қыз қылып көрсетті, Құдай куә ғой кім қандай екенінде. Өзі дос жігіттерін үйіне кіргізіп, кейде ата анасы жоқ кезде, уйіне қондырғанда да "сен туралы жаман ойлайды гой естіген адам деп ұрысып қана қойдық", ал ол болса мені болмағанмен болды деп өсектеген, мен ешқандай повод берген жоқпын олай айтуына.... Басқа топтас жігіті бар құрбысы бар сол туралы да маған сол айтқан еді кезінде,мен "қойшы олай болуы мүмкін емес дегенімде, ой Жазира мен білемін ғой Айманның қандай екенін, қасында жүретін мен білемін деп сөз тындамайтын", міне менің де артымнан сондай өсек таратты... Сіз жазғандай өзіде сол есекке тап болды енді, мен емес өзі жүкті болып үйленіп, міне кеше туып алды.... Кешірдім бірақ араласпаймын енді... Ортақ құрбымыз звандап, құттықта барып қайтайық деді, кезінде ол туралы да жаман сөзде айтқан еді, бірақ мен ешкімге тіс жармаған едім, мен құрбыма бармаймын мен онымен енді араласуды тоқтатамын дедім :(

+0
24 сәуір 2012, 14:59

Кешір, ұмыт, оралма, таста. Бастысы саған қиын болмасын. Сен оны кешіріп жеңілдеп қалуың керек. Ал ол... бәрібір оған

+0
24 сәуір 2012, 18:11

кешірдім, бірақ енді мүлдем араласпаймын.... :|

+0
24 сәуір 2012, 17:29

Кешіре салыңыз құрбыңызды. Бірақ ары қарай достық туралы айтудың еш пайдасы жоқ секілді. Құрбыңызды ұмытыңыз. Өмір бұнымен біткен жоқ. Мүмкін сіз үшін осылай болғаны дұрыс шығар..

+0
10 шілде 2012, 21:41

"жақсы адамның реніші шәйі орамал кепкенше, жаман адамның реніші басы көрге кіргенше" сіз жақсы адамсыз ғой, солай естідім :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев