кітап, кітап және кітап....

кітап, кітап және кітап....
жеке
блог

Бүгін дүниежүзілік кітап күні. Барша адамзат бұл күні кітапқа деген сезімінің қаншалықты зор екенін білдіруге тырысады. Бұл күн Петропавл қаласында да қызықты іс-шаралармен аталды. Облыстық кітапханада жаңа кітаптардың көрмесі өтті. Қаланың зиялы қауымы бір адамдай қызықты кітаптарды өздерінің оқылуы тиіс кітаптар тізіміне енгізіп жатты. Менде бұл көрмеге 1-2 минутқа кіріп шықтым. Айтарлықтай қызықты кітаптар таппасамда, арасынан іліп аларлық кітаптар бар екен. Бірақ "әңгіме ол жайлы емес дейім бе?" Болат Мұхтар сияқты.  Кітапқа деген құмарлығым қашан оянғанын білмеймін. Бірақ интернатта оқып жүргенімде іш пысқаннан ба, білмеймін. Әйтеуір мектептің кітапханасынан шықпайтынмын. Тіпт бір күні Л.Н.Толстойдың Ресей елі, Русь болып тұрған заманда басылып шыққан ескііі күнделігін тауып алғаным есімде. Жалпы айтқанда біздің қазақ интернат, совет үкіметі кезінде жалғыз қазақ мектебі болғандықтан(анықтама ретінде. Бұл мектептен атақты режиссер Аяған Шәжімбаев,ақын Зейнолла Әкімжанов, ТЮЗ әртісі Күнсұлу Шаяхметова және т.б. оқып білім алды), кітапхана да ол кезде облыстағы әртүрлі әдебиетке бай жалғыз кітапхана саналған екен. Сондықтан да ол кітапханадан неше түрлі қызық кітаптарды тауып алуға болатын. Одан бері қаншама уақыт өтті. Бірақ кітапқа деген сүйіспеншілігім әлі күнге дейін ортаймады. Қала көшелерінде ескі-құсқы кітаптарды сатып тұратын саудагерлерден бір кітап сатып алмасам кетпейтін әдетім бар. Кей кездері үлкен соммалы ақшаға сатып алынған кітаптарды парақтап қойғаным болмаса,  тіпті түгелдей оқып та шықпайтын кездерім болды. Дегенмен әлі күнге дейін кітаптарды сатып алу әдетімнен таңбадым. "Ауру қалса да, әдет қалмайды" деуші ме еді?Төменде сатып алынған кейбір кітаптарымның (жұмысқа асығып бара жатқанымда түсіріп үлгерген) суреттерін ұсынамын. кітапБұл кітап, "Келін" фильмнің режиссері Ермек Тұсыновтың Бейбарыс сұлтан жайлы жазған кітабы. Екібастұздағы мелломаннан қателеспесем 4мың теңгеге сатып алдым ғой дейім.

кітапБұл кітапты қырғыз режиссері Болатбек Шамшиевтің маған берген кеңесінен кейін оқыдым. Атақты режиссер жаңылыспапты, шынымен өте қызық кітап болып шықты.

кітапБұл кітапты барлықтарыңыз танитын шығарсыздар. Баянауылдың Қаныш Сатпаев дүниеге келген ауылда қонақта болғанымызда, үйдің иесі кітап сөрелерінен осы кітапқа "қызыыыға" қарап тұрғанымды сезген болар. "Осы жазушының жерлесі екенсің. Мә, ала ғой" дегені бар ма? Ақыры маған сыйға берді. Мен қуанып қалдым.

кітапАлматының бір көшесінде осы кітапты сатып тұр екен. Студентпін. Шәкірт ақым бар болғаны 11мың теңге,іздеп жүрген кітабымді енді кезіктірмеспін деп 6 мың теңгеге сатып алдым.

кітапҰстазымның кітабы болғасын емес, қазақ киносы жайында жазылған санаулы кітаптардың бірі болған соң студент кезімде бұны да сатып алдым.

кітапБұл кітапты 10-сыныпта оқығанмын. Сонда қызық көрінген.Жатақханадағы құрбыма берген ем, қайтіп маған оралмады бұл кітап. Іздеп жүріп, бұл кітапты осы жылы Петропавл қаласынан таптым.

кітапАлаш тұлғалары жайында жазылған бұл кітапты, тіл конкурсында комиссияның мүшесі болғанда сыйға тартқан. Бұ да құнды.

кітапБұл жапондық режиссердің фильмдерін көрген боларсыздар. Кітапты қазыр жұмыстан кейін шаршағынымды басу үшін оқып жүрмін. Телеканал, кино, сурет өнерін кәсіби деңгейде оқымаса да, бірақ осы саланың майталманы болған осы тұлғаға таңырқай қараймын. Жыл бойына бір минутта демалуды білмеймін дейді кітабында. Шыныменде солай. Осы кітаптың бір бетін оқыған сайын "мен бүгін не істедім?"деген ойға қаламын. Осы кісінің бір күндік ісін менікімен салыстыра келгенде "0" болып тұрамын. Сонда уақыттың зая кеткеніне жаным ашиды.

кітапТарковскийді бірі білсе, бірі біле бермейді. Туындыларын бір көргеннен түсіндім десем өтірік айтар едім. Бірақ мына кітапты оқығаннан кейін режиссердің жан дүниесін түсінуге тырыстым. 

Сотканың фотоапараттарына түсіріп үлгерген кітаптарым осы. Жеке кітапханамдағы кітаптардың барлығын оқымасам да, кітаптарды жинауды жақсы көремін. Петропавл еліміздің солтүстігінде орналасқандықтан көптеген кітаптарды сатып алу мүмкін емес. Дегенмен қалада жаңадан ашылған мелломан дүкені бұл олқылықтың орнын толтырады деген үміттемін. 6 томдық "Қылмыс" деген кітапты қазіргі таңда іздеп жүрмін. Сатып алғым келіп жүр. Бірақ ол кітап қаламызда жоқ болып шықты. Өкінішті....