21-ші ғасырда компьютер тілін білетін мамандар жоғары бағаланады

21-ші ғасырда компьютер тілін білетін мамандар жоғары бағаланады
жеке
блог

Қазір технологияның дамып келе жатқан кезі. Күнделікті өміріміздегі жаңа технологиялардың алатын орыны күн санап өсіп келе жатыр. Тіпті компьютерсіз өмірді елестету қиын, олар адамдардың ең жақын достарына айнала бастады. Компьютерлер адамның орнына жұмыс істейді, есеп шығарады, тіпті қағаздың рөлін атқарып, үлкен кітапханаларды алмастыра алады. Жиырма бірінші ғасыр компьютер мен ғаламтордың заманы болғандықтан, компьютер тілін білетін және оған бағдарлама жаза алатын мамандар жоғары бағаланады.
Бағдарламашы – компьютерге, ұялы телефонға немесе бақа да бир электронды ақпараттық технологияға бағдарлама жазатын маман. Кез-келген ақпараттық технология белгілі бір алгоритммен жумыс істейді, ал бағдарламашы сол алгоритмді құрастырып, компьютерге еңгізеді. Қазіргі кезде барлық ір компаниялар бағдарламашыларды қажет етеді. Ал Google, Apple, Microsoft, Facebook, Twiter және одан да басқа әлемдік денгейдегі компаниялар ақпараттық технологияларға негізделген. Бұдан, әлемдегі ең ірі компаниялардың көбісі бағдарламашылардан құралғанын көруге болады. Ақпараттық технологияның жылдам дамып келе жатқан заманында, әдісін тапса бағдарламашылар бүкіл әлемді де өзгерте алады. Мысалы, Apple корпорациясының негізін салушы Стив Джобс әлемге жаңа брэнд алып келді. Apple корпорациясы өңдіріп шығарған айфонды екінің бірі қолданып жүр. Ал Facebook корпорациясының негізін қалаушы Марк Цукерберг әлемге танымал әлеуметтік желіні сыйлады. Бұлардан басқа да көп мысалдар келтірсе болады,бірақ технологияның әлемді жаулаған заманында оларды санап бітіру мүмкін емес. Ақпараттық технология саласындағы бәсекелестік бағдарламашылардың санын арттырып, күнделікті жаңа технологиялардың пайда болуына түрткі болып отыр. Жиырма бірінші ғасырда жеке кәсіпкерлер көбінесе жұмыстарын ғаламтор, компьютер немесе ұялы телефон арқылы іске асырады. Сондықтан, бағдарламашыларға жеке кәсіп ашу әлде қайда оңайырақ. Себебі, бағдарламашыларға өз кәсібін ашу үшін бастапқы қаржы немесе қымбат материалдар керек емес, бар керегі, жалғыз ноутбуктың болғаны. Ақпараттық технология саласында құруар ақша айналымда жүр. Ал әлемнің ең бай адамы, Билл Гейтс – бағдпрламашы.
Қорытындылай келгенде, қазіргі уақытта компьютер тілін білетін мамандарға сұраныс жоғары. Сол себепті, ақпаратты технологияларды жетік менгерген болсаныз, жақсы жұмысқа орналасу мүмкіндігініз артады.