Ұйқының адам өміріндегі маңыздылығы қандай?

Ұйқының адам өміріндегі маңыздылығы қандай?
жеке
блог

Жасыратыны жоқ, бүгінгі жаhандану мен даму заманында өмірін толыққанды, қаражат жағынан еш қымсынусыз өткізгісі келетін әрбір адам уақыттың қадірін біледі, оны ақылмен жұмсап, кейде тіпті ойлағаннан да артық нәтижеге қол жеткізуге талпынады. Алайда, осындай жұмысбасты жандар көп жағдайда, ісіне берілгендігі соншалық, мақсатқа жетер жолдағы басты көмекші құрал - толыққанды күнделікті ұйқыға немқұрайлықпен ат үсті қарайтыны жалған емес. Ақырында, күнделікті ұйқының нормасын қабылдамаған адам ағзасы сыр беріп, денсаулығы нашарлап, орны толмас салдарларға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Олай болса, ұйқының ағза үшін маңыздылығына тереңірек тоқтала отырып, дұрыс ұйқының талаптарына шолу жасайық.

Жалпылама қарастырғанда, әрбір адам өмірінің шамамен үштен бір бөлігін ұйқыда өткізеді. Жоғарыда аталып өтілгендей, ұйқының ағзаның толыққанды қалыптасуына, адамның көңіл-күйіне, психологиялық жағдайына әсері үлкен және ол өзге ешнәрсемен алмастырылмайды. Бұл сөзімізге дәлел ретінде, адам ұйықтағанда орын алатын бірнеше өмірлік маңызды процестерге тоқталып өтейік. Ең бастысы, ұйқы кезінде күн бойына зақымдалған, әрі қажыған жасушалар қайта қалпына келеді. Сонымен қатар, адам ұйқыда болған уақытта ағзада көңіл-күйдің жоғары болуына себепкер болатын әрі өмір ұзақтығын арттыратын мелатонин және эндорфин сынды гормондар бөлінеді. Орташа есеппен алғанда ересек адам бір тәуліктің кемінде 6-8 сағатын ұйқыда өткізуі тиіс. Осы мөлшерден кем немесе артық ұйықтау салдарынан ағзада жүрек, асқазан аурулары туындап, адамның күйзеліске тап болу ықтималдылығы артады. 

Осы арада аталып өтуі қажет тағы бір пайдалы ақпарат артық ұйқымен байланысты болмақ, себебі мөлшерден тыс көп ұйықтау да зиян. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, күйзеліске тап болатын адамдардың 15%-ы сондай жағдайға дәл осы артық ұйқы салдарынан түскен. Сонымен қатар, мөлшерден көп ұйқы артық салмаққа әкелетін бірден-бір себеп болып саналады. 

Қорытындылай келе, дұрыс ұйқы ережелерін сақтау үшін, тәуліктің әр мезгіліндегі әрбір сағаттың құндылығына мән берген жөн.

Тәуліктік мерзім
Ұйқының бір сағаттық құндылығы
19.00-20.00
7 сағат
20.00-21.00
6 сағат
21.00-22.00
5 сағат
22.00-23.00
4 сағат
23.00-00.00
3 сағат
00.00-01.00
2 сағат
01.00-02.00
1 сағат
02.00-03.00
30 минут
03.00-04.00
15 минут
04.00-05.00
7 минут
05.00-06.00
1 минут