Алғашқы...
жеке
блог

Алғашқы...

Күлкілі қазыр,ал ол кездері мен үшін...
Заманақыр болатын..
Алғандай арқама ауыр күнә артып,
қол созғандай періштеге құмартып,
Жүргеніме талайдан бері ұнатып.
Қарағаныма, кеттім бе деп тым артық

Түнімен қайрап,өзімді-өзім қуырып,
Ұсынып оған, жүрегіңді бер деп суырып.
Жанына келсем,былқылдап босап буыным,
Сөйлей алмай қалам,байланып тілім булығып.

Күлкілі қазір, ол кездері мен үшін...
Заман ақыр болатын.
Ол дегенде ұмыт болатын батылдық,
Сүйетінімді айтқан, бере де алмадым хатымды
Адресатқа конверттің жазып атыңды.
Ғашықтығымды білдіре алмадым ақыры.

Сол кездері соншалықты ез бе едім!?
Көзғашықтыққа, қанағат қылып төзгенім!?
Махаббатымды сездің бе әлде сезбедің!?
Тұңғиығына тұншықтырды мені қөздерің!!