MUZZONE ЕМА 2016

MUZZONE ЕМА 2016
жеке
блог

«Muzzone»  арнасының  ұйымдастыруымен  өткен  MuzZone EMA 2016 мега жобасы ашылғанына  ай толмаған «Almaty Arena» мұз  айдынында жоғары  деңгейде  өтті. Эстрада жұлдыздарының көпшілігі бой  көрсеткен бәйге ерекшелікке  толы  болды. Батырхан Шүкенов пен Болат Сыздықов ағаларымызды еске алып қалың көрерменнің көзіне жас алдырса, он мың адамның алдында  сүйгеніне  сөз  салған жігіт залдағы көрермендерді қуанышқа  бөледі. Эстрада  бикештері қымбат әрі қысқа көйлектерімен ерекшеленсе, «КешYOU» арулары 91 тобының  стилінде киініп, ән салуымен  жұрттан дараланды. Бағы  мен  бабы жанған жұлдыздардың жүзінде көңіл-күйдің ең жоғары  деңгейде көрініп-ақ  тұрды. Алғаш  рет  бақ  сынап, жеңіске  жеткендер  қуанғанынан көз  жасына  ерік  берсе, жыл сайын жеңімпаздар қатарынан көрініп жүргендер эмоциясын  сырт көзге  білдірмеді. Жеңімпаздар қатарында болған  Роза Рымбаева, Сосо Павлиашвили, Скрипттонит, Ренат Гаисин, Қайрат  Нұртас белгілі себептерімен марапаттау  салтанатында  келмеді.

Карина Абдуллина

Кештің есте қалар әсерлі тұстарының бірі композитор, музыкант, саксофонист, Кеңестік, Қазақстандық және Ресейлік  эстрада жұлдызы марқұм Батырхан  Шүкеновтың орындауындағы жаңа  әнінің  тұсауы  кесіліп, көрермедерді тәнті  етті.

                  Жылдың ең үздіктері қатарында  көрінген  жұлдыздар тізімі:

Үздік әйел образы: Лидо;

Үздік стиль және талғам: «Алау» тобы

Ерлер арасында үздік әнші: Әлишер  Каримов;

Әйелдер арасында үздік әнші: Индира  Елемес;

Үздік ән: Масим Лесников (Үнсіз сезім)

Үздік  топ: «Yes17»

Үздік дуэт: Айқын Төлепберген мен Сосо Павлиашвили (Каждый день)

Үздік композитор: Ринат Гайсин

Үздік әйелдер тобы: «КешYou» тобы

Үздік  жігіттер тобы: «The Jigits» тобы

Үздік видеоклип: Артур Толепов «Без тебя»

Үздік хип-хоп жанрындағы әнші: Скрипттонит

Үздік рок жанрындағы топ: LampЫ Orchestra

Үздік концерттік  шоу: Қайрат Нұртас

Үздік телевизиялық образ: Камшат Жолдыбаева       

Интернет таңдауы: Ернар Айдар

Үздік  радио хит: Жанар Дугалова «Айта берсін»

Жыл жаңғырығы: «Ninety One» тобы

Евразия әртісі: Роза Рымбаева

Евразия жаңғырығы: Алексей Воробьев

Көрермен көзайымы: Yunus Pers

Шоу-бизнеске қосқан үлесі  үшін: Карина Абдуллина

«Б.Шукенов атындағы сыйлық» иегері: JCS тобының музыканты Виктору Хоменков

КешYOU

Ninety One

Алматыны әнге бөлеген музыка  бәйгесіне Қазақстан мен Ресей жұлдыздарынан бөлек, Қырғызстан, Куба, Америка, Молдова, Украина елдерінің эстрада  жұлдыздары қатысып, өнер көрсетті. Бесінші рет өткен музыка бәйгесі күтпеген  тосын  сыйларымен тарих беттеріне жазылды.

        Айқын Төлепберген

 

Али Окапов

Дайындаған: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің студенті Күнту Арынбек