Дене бөліктерінің дамуын шыбыннан сұрайық...
жеке
блог

Дене бөліктерінің дамуын шыбыннан сұрайық...

Шыбын – барлығымызға таныс, кішкене ғана жәндік. Тағамның иісіне дызылдап ұшқан бұл жәндіктерден күнделікті өмірде құтыла алмай жүргенімізде, ғылым саласында олардың алатын орны ерекше. Бар жоғы екі миллиметрден аспайтын бұл жәндіктердің ішіндегі ең танымалы – Дрозофила Меланогастер.

Дрозофила меланогастер немесе жемісті дрозофила екі қанатты бунақденелі жәндік. Бұл қазіргі таңда генетика саласында кеңінен қолданылатын бірден-бір аспаптардың біріне айналған модельді ағза деп айтсақ та қателесперміз. Бұл шыбындардың ерекшелігі, олардың хромосомалар санында және даму процессінің қарқынды жүруінде. Басқа жануарлар мен жәндіктерге қарағанда дрозофила бір апта уақытында шамамен 400-ден астам тұқым қалдыра алады. Одан бөлек, адам секілді жайбарақат өмір сүру үшін тек қана 8 хромосоманы қажет етеді. Бұл генетиктер үшін адамның 46 хромосмасын зерттеумен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл тапсырмалардың бірі.

Мектеп қабырғасынан, ең бір қызықтырған сұрақтардың бірі «Біздің дене бөліктеріміздің өз орнында орналасуына қандай күштер әсер етеді?». Әрине, кімнен сұрасақ та, бұл сұрақтың жауабы адамның генетикалық кодына байланысты деп жауап берер еді. Шыбындар бұл сұраққа әлдеқайда дәлірек жауап берді.

Нобель Лауреаты Эрик Вишаус шыбын денесінің даму барысында әр түрлі ақуыздардың белгілі бір орында көп мөлшерде дамитындығын байқаған. Бұл жаңалық табылған ақуыздардың орналасуы және концентрациясы әр дене бөлігінің дұрыс орнында қалыптасуына алып келеді деген тұжырымға алып келді. Осы гипотезаны зерттеу мақсатында көптеген дрозофилалардың даму кезінде бөлінген ақуыздардың орындары ауыстырылып, нәтижелері микроскопқа орнатылған камера арқылы жазылды. Сол эксперименттер нәтижесінде пайда болған шыбындардың бейнесі ғалымдарды адам дене бөліктерінің де осындай жолмен пайда болады деген ойға салды. Зерттеу барысында, адамның генетикалық кодында да шыбын ДНҚ-сына ұқсас бөліктер табылды. Симуляция жүргізу барысында, бұл гендердің шыбын денесіндегідей, ақуызды эмбрионның әр бөлігіне әр түрлі мөлшерде бөлетіндігі байқалды.

Аяқ үстіне шыққан көз

                Аяқ үстіне шыққан көз                                                         Бас үстіне шыққан аяқ

Бұл жаңалықтың ашылуы алдағы өмірде адам баласының барлық мүшелерінің дұрыс даму барысында екендігін қадағалауға, сонымен қатар дене бөліктерінен айырылып қалған адамдарды емдеу ісіне қосқан үлесі шексіз.

                                                       Дрозофила шыбынының дамуы