жеке
блог

Өтірікшілермен ұрлықшыларды анықтайтын таяқша маған да келіп жетіпті

Өтірікшілермен ұрлықшыларды анықтайтын таяқша маған да келіп жетіпті.

Бір себептермен болса да өтірік айтып, оның ашылып қалған тұстары бар ма?

-ия,бар. Студентік жылдары барлықтарыңыздың бастарыңыздан өткен шығар біреу жаңадан киім алса соны қыдырғандар кезекпен кезек киетін. Шәкірт ақымды жинап жүріп модаға шығып жатқан джинсы костюм алдым. Содан бір күні көрші бөлмеде тұратын жігіт менім сол костюмымды вечерге киіп баруға сұрап келді, аямшақтығым ұстады әлде сол баланың киімді күтіп кимейтінен бергім келмеді ме білмеймін оған «Костюмді Асқар киіп кетті» дедім (Асқар менім бөлмемде тұратын жігіт,көшеге кеткен), ол жоқ деген соң кете қоймай бөлмеде отырмасы барма, бір мезетте әлгі Асқар көшеден кайтып келді. Оның менім костюмімді кимегенін көріп көрші жігіттің алдында айтқан өтірігім 5минут өтіп ашылып калған.

Қатты ұялып, жаныңызды қояр жер таппай қысылған кез басыңыздан өтті ме?

2010жылы Павлодар каласына 10күнге оқуға бардым. Ертерек ақша беріп үйге 8күнде келіп алдым,сертификатымды алып. Ертеңінде көшеде кетіп бара жатсам бастық хабарласады:

-Қалай оқып жатырсың?қашан қайтасың?-деп

-жақсы,2-3күнде қайтамын-деймін

-Қайда кетіп барсың?дейді

-қыдырып жүрмін –десем

Қасыма машина келіп тоқтайды,қарасам бастығым «Жүр бірге қыдырайық» дейді. Қатты қысылып ұялғаным-ай

Кішігірім болса да ұрлық жасап көрдіңіз бе?

Ия мен ұрлық жасадым,жасайын деп жасамадым.

Студент жылдары қарнымыз ашқанда жатаханада кыздардың пысырған тамақтарын казанымен ұрлағанбыз.

Көрші станцияның қызымен кездесіп жүрдім,күнде кешкісін поездбен барамын,түнгі 3-тегі поездбен қайтамын, сөйтіп жүргенде күздің ызғарлы түні  3-тегі поезд есіктерін ашпады ішінде комисия келе жатып, ал не істеймін? Таңертең жұмыс,келесі поезд таңертеңгі 10-да, оған шейін қайда барамын, есіме қыздың үйінде әкесінің аты бар екені түсті. Қорасына барып атты ертеп мініп, ауылыма жетіп,атты қоя бергем. Осындай бір үлкен ұрлақ жасағанмын.

Эстафета таяғын өзімнің досым,масагеттің жаңа қолданушыларының бірі Розоваяға беремін

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда