Сауалнамаға қатысайық

Сауалнамаға қатысайық
жеке
блог

Қайырлы түн/таң/күн, блогшылар!
Осыдан бір ай бұрын «Ана мен бала» сайтында сайтпен аттас журнал шығару жайында оқырмандар арасында сауалнама жүргізіп едік. Дауыс берушілердің саны 501-ге жеткенде сауалнаманы тоқтатып қойып едім. Сөйтсем, сауалнаманың нәтижесімен қоса, берілген дауыстардың саны да маңызды болып шықты. Енді дауыс берген адамдардың санын арттыру үшін сайтымыздан тыс жерлерде (басқа сайттарда) дауыс беретіндерді іздеп жатырмын. 

Дауыс берудің еш қиындығы жоқ. «Ана мен бала» журналы қажет пе? деген сұраққа жауап берсеңіз болғаны. Дауыс беру кезінде үш жауаптың қай-қайсысын таңдасаңыз да өз еркіңізде.
Сауалнама мына бетте: ana-bala.kz/saualnama