Досымды әскерге қимадым...

Досымды әскерге қимадым...
жеке
блог

       Абылай  Қасымов – менің бала кезден бері бірге өскен, бір нанды бөлісіп жеген жан досым.  Сол Абекеңді бүгін кешке әскерге алып кетті ғой. Қызметін Отарда (Атар)  атқаратын болды. Бір өкініштісі, кездесуге 1 минут та бермеді. Терезелерін  аштыртпады. Содан вагон терезелері сау қалмады ғой, шіркін! 2 рет сынды. Балаларын көргісі келген әке-шешелердің ісі ғой мұның бәрі. Ақ жаулықты бір әжем «Баламды бекер жібердім»- деп көз жасын көл қылғанда, жастар полициямен сөз сайысына түскендей. Жалпы, баласын ОТАН ҚОРҒАУҒА  ешкім қимады. Мен де досымды жібергім келмеді. Барынша қолдап тұрдым. Куанып тұрғандай сыңай танытса да оның көздерінен бір қимастықты көрдім. Абылайсыз 1 жыл өтер ме енді?  Алда үлкен сағыныш күтіп тұр ғой...