Жапырақтар билеп жүр
жеке
блог

Жапырақтар билеп жүр

Қолымда сөмкем бар, парк ішімен аяңдап келемін. Екі жағымда қалың боп өскен ағаштар. Күз белгісі сары ала, қызыл ала жапырақтар жайлап кеп, жер бетіне  қонып жатыр. Ойланып келемін. Дәл осы жолмен ең алғаш мектепке барғаным есімде.      Онда да дәл осындай  әдемі жапырақтар әуеде өрнекті нақышпен "билеп" жүрді ме, ол жағын, әрине, айта алмаймын. Себебі, көңілі алабұртқан кішкентай жас балдырған менің     табиғатты тамашалап  тұруға мұршам болды ма?  Тіптен кішкентай едім.   Сол мектепке барар жолда ойымды үнемі бір сұрақ мазалайтын: "Болашақта кім болам?" Осы сұрақ көкейімнен кетпеді. Әрине, әрбір адамның  аңсаған арманы, өмірлік мақсаты болу керек қой. Арман- адамды алға жетелейтін, шыңға шығаратын ғаламат күш.  Арман- өмірдің темір қазығы, адамның айқын бағдары. Менің де сол кезде ойымда бір ғана арман тұрды. Ол- журналист болу еді. Арманыма қанат байлап, сан тарапқа алып ұшқан қиял "журналисттік" деген үлкен әлемге  жетеледі. Бала күннен бергі арманымды ақиқатқа айналдыру үшін өзімнің бар ықыласым мен құлшынысымды осы жолға арнамаққа бет бұрдым. Құдайға шүкір, қазір бір табан болса да арманыма жақындадым . Мақсатқа жетер күн алыс емес. Тек ынтаң мен ықыласың болса болғаны...

Болашақ- өз қолыңда!