Ағылшын тілін үйренудің оңай жолы
жеке
блог

Ағылшын тілін үйренудің оңай жолы


Бүгінгі таңда жаңалықтар оқу адам үшін қажетті факторға айналғандай. Елде, әлемде қандай өзгерістер болып жатқанын біріміз газет, журналдардан білсек, біріміз ғаламтордан ақпараттанамыз немесе жаңалықтарды теледидардан көреміз, болмаса радиодан естейміз. Әлем жаңалықтарына шолу жасаған кезде "NEWS" сөзін байқағандарыңыз болар. Әрине, бұл сөз ағылшын тілінен аударғанда "жаңалық" деген мағынаны білдіреді. Ал, осы сөздің қалай пайда болғанын білесіз бе? Ағылшын тілінде North, East, West, South сөздері бар. Олар сәйкесінше солтүстік, шығыс, оңтүстік және батыс деген мағынаны береді. Демек, NEWS сөзі North, East, West, South сөздерінің алғашқы әріптерінің қосындысы. Мағынасы барлық әлем деген ұғыммен пара-пар. Кез келген сөздің қалай жасалғанын білу - ағылшын тілін оқуды жеңілдетеді. Ағылышын тілін үйренемін деушілерге бұл таптырмас тәсіл. NEWS сөзі арқылы енді North, East, West, South сөздерін де білетін болдыңыз.