жеке
блог

Жыр дүлдүлдерімен болған кездесу кеші

           Сәуір айының он тоғызыншы жұлдызында әл-Фараби атындағы қара шаңырақ ҚазҰУ-дың филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде студент жастардың ұйымдастыруымен көпке танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев және поэзия майталманы Қалқаман Саринмен кездесу кеші өтті.

                        

     Ақын Балғынбек Имашев - аталаған факультеттің төл түлегі. Бірнеше жылдардан кейінгі жүздесу барысында ақынның өзі ғана емес, білім нәрін сепкен ұстаздары да, ақынның қуанышын бөлісуге келген топтас құрдастары да ерекше толқу үстінде болды. Ал Қ. Сарин - Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық Университетінің түлегі. Дегенмен, ақын жастайынан ҚазҰУ-дың студенті атануды армандағанын, осы кеште арманымен қауышып, керемет күй кешіп тұрғанын айтып қалды. Қос ақын көпшілік қауымға балалық шақтың, студенттік жылдардың қызықты сәттерін айтып, өскен ортасы, туған жерлері туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Қалқаман Сарин "Арқаттағы біздің үй" атты ыстық өлеңімен жыр сүйер қауымға туған елге деген сағыныш кернеген ерекше көңіл-күй сыйлады.

                              

 

                              

      Филология, әдебитеттану және әлем тілдері факультетінің өнерпаз жастары да қарап қалмады. Аты аңызға айналған Әуезов атындағы аудиотрияда  Қ. Сариннің сөзіне жазылған әсем әндер мен күмбірлеген күйлер ойнады. Б. Имашев тек қана айтыкер ақын емес, сонымен қатар студент шағында "Филфак-шоу" атты топ құрып, ең алғаш рет "Әп, бәрекелді" тапқырлар сайысын өткізген, қазақ КВН-нің негізін салушылардың бірі екендігін көпшілік қауым біле бермейді. Филфактың  жастары да ағаларының ізімен кеш барысында әдемі әзілдерін арнап, тыңдарманды күлкіге қарқ қылды.

                      

                      

          Кеш барысында ақындардың оқырмандары өздерін толғандырып жүрген немесе қызықтыратын бірнеше сауалдарын қойып та үлгерді. Мәселен, Қалқаман Сарин "Жазба ақын айтыс ақыны бола алады ма немесе айтыскер ақын жазба ақын бола алады ма?" деген сауалға: Айтыскер ақын жазба ақын болуы мүмкін, ал жазба ақынның айтыскер ақын болуы өте қиын деген жауапты бірден айтты.

Ал Балғынбек Имашев жігіттер қауымынан түскен "Жар таңдауда ер жігітке қанадай кеңес бересіз?" деген сауалға, Пайғамабрымыздың тамаша хадисімен жауап берді: "Жар таңдарда төрт нәрсеге назар аудару қажет: қыздың имандылығына, тегіне, сұлулығына, байлығына" деді.

Кездесу кешінің соңына таман Балғынбек Имашев факультеттің жас ақыны Манас Қайыртаймен әдемі айтыс жасады. Жас ақын Манасқа риза болған аға буын ақын ақ батасын беріп, ыстық құшақпен тарасты. Қалқаман Сарин қонақ кәде ретінде залдың сұранысы бойынша өзінің атақты "Айсұлуын" оқи отырып мәңгілік тақырып махаббаттың құдіретін тағы да бір паш еткендей болды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі