жеке
блог

Ұлттық дәстүрімізді жоғалтудамыз!

Ұлттық дәстүрді жоғалтудамыз! Бүгінгі күннің жас ұрпақтары күннен-күнге Батысқа еліктеп барады. Қазақтың ұлттық дәстүрін дәріптемек былай тұрсын, өзінің жеке дара мәдениетін білмейді. Әрине, дәстүрдің озығы бар, тозығы бар .Дегенмен де жастар легі тым қатты өзгеріп барады. Өзгеруге не себеп ?Мүмкін 21 ғасырдың талабы ма? Бірақ, әр ғасырдың талабы бола берсе, онда біз не боламыз?Ұлттық менталитетті жоғалтпай қайтеміз?! Бүгінде краска жағу дәстүрін көргенімде өте танғалдым.Қазақтың ұл-қыздары бір-біріне бояу жағып, тәп бір үндінің дәстүрі-ау?! Былай, дегенімнің өзіңдік себебі бар, дәл соңы көріп намысым ду ете қалды. Шіркін, дәл солай қазақтың ұлттық мерекесін тойласақ, құба-құп болар еді. Жерге жатып, бояуға домалағаны сонша тіпті, қоғамдық жерде екенін ұмытып кетеді. Менің айтайын дегенім , ұлттық дәстүрді көтеретін де, оны жерге түсіретін де ол- жас ұрпақ. Аға толқын , кіші толқынға жол сілтесе дәстүр атауы бұзылмасы һақ.

Жұлдызды блогтар