жеке
блог

Мен де қалмайын деп, эстафеталаттым! Қорытынды - 2011!

1. Жылдың ең үздік сайты: Керекинфо мен on.kz қазіргі massaget.kz

2. Жылдың танысулары: Қазақ блогшылары әзірге виртуалды

3. Жылдың ең үздік тағамы: Анам пісірген тағамдарға ең, ең деген әлемдік аспаздардың да тағамы жетпейді. Ал, жалпы биыл "Наполеон" тортын өзім дайындадым, ерекше болды.

4. Жылдың сусыны: "Ақ бастау" газдандырылмаған табиғи бұлақ суы (өндіруші - ОҚО облысы, Шымкент қаласы, Сайрам ауданы) ық-ық :)

5. Жылдың ең үздік әні: "Меломен" тобының орындауындағы "Келеді кездескім".

6. Жылдың ең үздік мультфильмі: "Мұхаммед - соңғы пайғамбар"

7. Жылдың ең үздік сөйлемі: "Мен жақсы көретін, ең жақсы жүректің иесі!"

8. Жылдың ең үздік сапары: Шымкент. "Адамға өмір бір-ақ рет беріледі, сондықтан оны жанға жайлы Шымкентте өткізу керек" деген бұқақақа (с)

9. Жыл жаңалығы: Қолөнер жұмыстарын қайта бастадым, блогосфераға ендім.

10. Жылдың ең керемет жандары: Отбасым және Ол

11. Жылдың қорқынышы: Қазақстанда болған түрлі қайғылы жағдайлар.

12. Жыл жетістігі: Рухани даму, нәпсімен күрес

13. Жыл уайымы: Анам сырқаттанып қалған кез

14. Жылдың ең танымал биі: Қара жорға

15. Жылдың  ең үздік кітабы: Құран Кәрім мен Абайдың қара сөздері

16. Жылдың шошындырған сөздері: "Бізде ұл бар дегендей, сіздің қызға..." деп, пәленшенің мамасы ызбандап тұр. Дәл осылай анамнан 3-4 рет естідім.

17. Жылдың үздік сериалы: "Ғашық жүрек - 1, 2"

18. Жыл ең үздік лақап аты: АКА және Ақош, Ақнұрым

19. Жылдың үздік кеші: Туылған күнім және группаммен бірге отырған жаңа жылдық отырыс.

20. Жылдың таңқаларлық әрекеті: Түнгі сағат 12-ге дейін отырыста болдым онда да бірінші қайттым және түнде таксимен жүрдім. Таксист - жақсы жігіт! (с)

21. Жылдың әдемі мақтауы: "Бітті, мен - сендікпін!" (с) "Еңбекқорлығың мен шеберлігіңе тәнтімін!"

22. Жылдың ең үздік тележобалары: "Шіркін Life!", "Саз әлемі", "Жұлдыздар фабрикасы"

23. Жылдың ең үздік смайлигі және сөзі: :ызаландырдым:

24. Жылдың ең үздік тілегі: Дұға

25. Жылдың ең керемет мезгілі: 22-наурыз, көктем айлары

26. Жылдың әдемі сезімі: Сағыныш...

27. Жылдың ең әсерлі блогшылары: Рауан Сәбитұлы, Садық Шерімбек, Мейіргүл Оңғарова

28. Жылдың ең керемет айы: Рамазан

29. Жылдың шытырман оқиғасы: Студенттік практикада жүрген кез

30. Жылдың жайлы орны: Анамның құшағында


Жалпы, қысқаша осылай. Өткен жылмен қоштасып, жаңа күнтізбе алып ілудеміз. Баршамызға қайырлы жыл болсын. Амандықта жүздескенше! :))

 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі