Сені ұмытқан жоқпын
жеке
блог

Сені ұмытқан жоқпын

Блог жазуды қайта бастасам ба екен... Көңіліңдегі түйткілдерді анда-санда жазып, осындағы достармен бөлісіп жүргенге не жетсін. Көбіңізді танымайды екем, маған қарағанда жас секілдісіздер. Бірақ бұрын жазып тұратынмын. Оған архив куә :) 

   

Сонымен айтқым келгені, Massaget.kz 16 желтоқсанда 5 жасқа толады! Меніңше, жастарға бұл қызық әрі таптырмас платформа. Сайт басшылығы мен журналистерінің еңбегіне риза болып жүрмін. Не керектің бәрі бар. Қалайсың ба - жаңалық оқы, блог жаз, форумда талқыла. Күллі әлем жастарының қызығып жүрген корей pop-ы да бар. Бұл, әрине, қызығушылыққа байланысты. 

Айтқым келгені, қазақ тілінде жастар ең көп кіретін осы сайтқа бәріміз болысайық, өзіміз де, өзгені де осы жерде дамытайық, танымдық материалдар, түрлі саладағы мақалалар, қажетті кеңестерді осы жерге салып, осы жерден оқып-білейік. Бір сөзбен айтқанда, білгенімізді үйретіп, білмегенімізді үйренетін таптырмас алаң. Сауатты әрі белсенді жастардың ортасына айналған Massaget.kz-ті 5 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Дами беріңіздер!

Айтқым келгені, сені ұмытқан жоқпын, Massaget.kz. Блог жүргізуді бастадым. Барлығыңызды қош көрдік! :)