АДАМ АЛАСЫ ІШІНДЕ
жеке
блог

АДАМ АЛАСЫ ІШІНДЕ

Бұл әңгімелейін деп отырған оқиғама біреу сенер, екеу сенбес, үшеу: "опшым куып кеттің" дейтін шығар. Аднакы...

...Сол күні ұйқымнан сол жағыммен тұрдым (оң жағым дуал болса қайтем) Біразға дейін "Өлімпиада" көріп шаршаңқырап жатқам. Түнімен айдың аспаннан саулаған нұрын еміп ұйықтаған болуым керек, жастығым су болып қалыпты)))

Жұмысқа жаяулатып шықтым. Жолдың арғы бетіндегі аялдамада тұрған, қысқа етек көйлек киген, әдеміше келген аруға көзім түсті. Сұлулығына көзім тоймай, ауызымның суы құрып барады. (Жастығымның су болғанына қарағанда түнде түсімде осындай сұлу бойжеткен көріп жатсам керек) Мен жақындай бергенде ол аялдама артына жай ауыстырды. "Тағдырың шанс беріп тұр" дедім де, мен де арт жаққа беттедім. Танысуға шабытым ашылып, әуестік жеңіп, таяп барсам, аттылы адам атынан түсіп, жаяу жан жатып алып қарайтын сұлуым темекіні бұрқыратып тұр. Аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін менің ауызыма сол сәтте тас аралас құм құйылды. Қазақтың көңілі бір атым насыбайдан ғана емес, бір тартым темекіден де қалады екен. Сол жақ иығыммен тұрғаным есіме сап ете қалды. Басыма келген жалғыз ой: Кешке кереуетімнің орнын ауыстыру болды. 

Елеусіновтің медалінен қымбат көңілімді қанды көрген қарғадай шулап жатқан Гарант халқы бұзып жіберді. (Гарант - Шымкенттегі телефон бизнесімен айналысатын алып-сатар азаматтардың питағы) Ұлы Жібек жолындағы көшпелі сауданың тармақтары байқалады мұнда. Заңсыз болса да қамсыз сауда қызып тұр. Мұндағылардың "тілге жатып алғандары" соншалық, үйден: "20 мың теңгеден кемге бермеймін" деп шыққан телефоныңды 2 мың теңгеге өткізгеніңе мәз боп қайтасың. Сондай ақ пейілді саудагер жігіттердің аты арып, тоны тозса, мұрын менен, кесу сізден. 

Негізгі айтпақ әңгімеге оралсам... Ол жерде әдеттегідей адам ығы - жығы. Құдды қалада содан өзге көше жоқ секілді, жұрттың бәрі осында. Үйтіп-бүйтіп адамдардың арасынан өтіп, тобырдың келесі басына шықтым. Шықсам ең шетте суырдың айғырындай секиіп бір жігіт тұр екен. Түрі суыт көрінді. Сақалы мойынындағы алқасын көрсетпей қалқалап тұр. Шалбарының балағын зрениесі нашар, опыты жоқ тігінші істеген болуы керек, қысқа етіп қойыпты. Кенет иығындағы сөмкесіне қолын салып бір нәрсе іздей бастады. Іздеген затын таба алмай абыржып жатқаны, алтынынан айырылған Левитті еске түсірді. Ойыма 112 ден келген: "15.08.16-15.01.17. OKO Terrorirstik kauiptiliktin sari dengei belgilengen" деген смс түсіп, зәрем зәр түбіне жетті. 

Ой деген шіркін Усейн Болттан да жүйрік ғой. Сол бір сәт миллион ойдың жетегіне ерген шығармын: Ақтөбедегі теракт, ана жігіттің сөмкесінен шығатын жарылғыш зат, күлі көкке ұшатын сауда орыны (суретте) 21-ақ жыл сүрген өмірім, 4 жыл жүгірген дипломымнан көрмеген қызығым, ең сорақысы содан бір күн бұрын ғана 1900 тг салып, жаңартқан тарифтік жоспарым. Бәр-бәрі көз алдымнан өте шықты. 

Сөйтсееееееем, әлгі жарықтық сөмкесінен қораз кәмпит алып, қабығын ашып, ауызына салып жатыр ғой күйдіргі. Орда бұзатын жастағы жігіттің қораз кәмпит сорып тұрғаны несі-ей?! Әйтпесе, екі-үш баланың әкесі атанып, "Балаларымды қай садикке апарсам аз ақша алады" деп ойлап тұратын жасқа жеткен азамат ғой.