МАССАГЕТ...

МАССАГЕТ...
жеке
блог

 МАССАГЕТ...

Қызықтарға бату үшін кіргенбіз,

Қирамаған,алаланып іргеміз.

Арқасында табандылық, жігердің

Массагетпен 5жыл бойы біргеміз.

 

Жастар мұнда татулықты ұға алған

Әр адамға байлап берген ұлы арман

Оқырмандар бату үшін рахатқа

Қызықтарды қызықтырып шығарған.

 

Мақаланы апта сайын салма деп

Кірген сайын оны іздеймін барма деп,

Массагетте іздеп оқыр авторым

Аты Ернар,Фамилиясы Алмабек.

 

Берер едім тілектерді үйіпте

Кетер едім сіздер үшін күйіпте

Оқырманға бақыт сыйлап отырған

Массагеттің орыны тек биікте.

 

Сіздер салған сара жолмен ерейін,

Сен дегенде білегімді түрейін.

Бұл өлеңім осыменен тоқтамас

10 жылдыққа тағы шығарып берейін.

 

Автор: мен