Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Өтірікшілер, ұялшақтар, ұрлықшылар эстафетасы

Өтірікшілер, ұялшақтар, ұрлықшылар эстафетасы

Өтірікшілер, ұялшақтар, ұрлықшылар эстафетасы

Эстафетаның таяғы түгілі өзін назардан тыс қалдырып жүрген маған Сәния сөз кезегін беріпті. Көп рахмет! Қарлыға бастаған өтірікшілер, ұялшақтар, ұрлықшылар эстафетасының шарты бойынша үш сұраққа жауап беру керек екен. Барлығымыз пендеміз, періште көкте ғана. Өз кезегімде мен де жіберейін аттың басын. Ал, кеттік!

Бір себептермен болса да өтірік айтып, оның ашылып қалған тұстары бар ма?

Әлбетте, болды. «Өтіріктің арты бір тұтам» дегендей, барлық өтіріктің арты күндердің күнінде ашылады ғой. Менің де біраз өтіріктерім ашылған.

Кенже ағам үйленген кезде оған «Мамам тойға Роза Рымбаеваның шақырып қойды, ол кісі кешке келіп ән айтып кетеді» дегенмін. Не үшін айтқанымды өзім де ұқпаймын. Әйтеуір, солай дей салдым. Ағам болса сеніп қалып, тойдан кейін менің мамамнан «Неге тойға Роза Рымбаева келмеді?» деп сұрапты. Кейін мамам «өтірік айтып нең бар?!» деп ұрысты. 

Қатты ұялып, жаныңызды қояр жер таппай қысылған кез басыңыздан өтті ме?

Мені барлығы өрелі мінезді, пысық қыз деп біледі. Бірақ, менің де ақ қайыңдай сызылып, майысатын тұстарым болады. Әсіресе, бейтаныс ер-азаматтардың ортасында болсам. Не үшін екенін бір құдай біледі, әйтеуір, «не в тему» ұялып, ыңғайсызданып қаламын. Ал жанымды қоярға жер таппай болған сәттерімді еске түсіре алмадым. Бәлкім, ондай болған жоқ шығар. Болмай-ақ, қойсын да.

Кішігірім болса да ұрлық жасап көрдіңіз бе?

Ой, мен кәсіби ұрлықшымын ғой. Тәттіқұмар емеспін, сондықтан да кәмпит ұрлаған кездерім аз болды.

  • Өз бағымда соның барлығы бола тұра, көрші бау-бақшаны жаз, күз мезгілдерінде тінтіп шыққан талай кездерім болды.
  • Үйдің жанында балалар үйі бар. Ауланың балаларымен бірге барып, сол жақтан қарақат теретінбіз.
  • Мектепте оқып жүргенде көрші кабинеттен бор ұрлайтынбыз. Себебі, бор деген дефицит болған.
  • Ойыншық ұрлап көрген емеспін. Себебі, өзімдікі де жетіп артылатын. Кітапханадан 5-сыныпта бір кітап ұрлап кеткенмін. Ол қазір үйде тұр. Бірақ, апарып бермеймін.
  • Үй тапсырмасын көшіріп алу ұрлыққа жата ма?! Егер жатса, оны да жасадық. Бізден де солай талай тапсырманы ұрлады.
  • Бастауыш сыныптарда оқитын кезім. Сол уақытта «НП-Новое Поколение» газеті ашылып, кеңінен таныла бастады. Күндердің күнінде ауладағы балалармен ойнап жүріп, көрші үйді подъезіне кіріп, пошта жәшіктерін ашып жаттық. Не іздегенімізді бір құдай біледі. Дәл сол кезде бір жәшіктен «НП» газетін тауып алдым. Дереу үйіме зытып, есікті ашып, газетті тастап, шығып кеттім. Ойынды жалғастыру керек қой. Сосын үйге келсем әпкем сол газетті оқып отыр. Содан мені қатты ұрысып, газетті қайта салып қою керектігін айтты. Оны қайтадан бүктеп, орнына апаруға сол сәтте ерініп қалдым. Бірақ, сол газеттен кейін басқаның пошта жәшігін ақтармайтын болдым.

Алматылық Сәниядан алған эстафетамды астаналық Сәнияға беріп, екеуінің ортасында тұрып, іштен тілегімді айтайын. 

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 20 сәуір 2012, 09:57
Тегтер: өтірік эстафетасы, Ғазиза Ұзақ, балалық

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.