Каспий теңізінің 50 аты

Каспий теңізінің 50 аты
жеке
блог

ХҮІ ғасырда Иван Грозныйдың тұсында іргелес елдердің сызбасы түсірілген "Үлкен сызба кітабы" жасалған екен. Сол кітапта Каспий теңізі "Хвалим теңізі" деген атқа ие болған.

Грек және рим ғалымдарының еңбектерінде аталмыш теңіз "Гиркан" деп аталыпты. Гиркан деп аталу себебі, теңіз жағалауында Гиркания деген ел өмір сүрген екен.

Орта ғасырдың басындағы араб географтары Каспий теңізін "Хазар теңізі" деп атапты.

Ежелгі орыс жылнамаларында Каспий Волганың сағасын мекен еткен хвалын халқына байланысты "Хвалын теңізі" деген атпен кездеседі.

ХІІІ ғасыр саяхатшысы Марко Поло бұл теңізге "Сарай теңізі" немесе "Баку теңізі" деген ат берген екен. 

ХҮ ғ.орыс көпесі Афанасий Никитиннің жазбаларында Каспий теңізі "Дербент теңізі" деген атпен кездеседі. Бұл атау теңіздің бастыс жағындағы ірі порт Дербент қаласына байланысты алынған.

Сонымен қатар, Каспий әр кезде маңайындағы жерлердің, халықтардың, қалалардың аттарына байланысты Астрахан теңізі, Ширван теңзң, Хорасан теңізі, Табристан теңізі, Иберий теңізі, Апшерон теңізі, Гурган теңізі және басқа да көптеген атаулармен аталған.

Қытай саяхатшысы Цзян Цянь Батыс Қытайдан Тәңірітаудың (Тянь-Шаньның) асулары арқылы Ыстықкөлге өтеді. Одан әрі Қырғыз елінің етегін бойлап жүре отырып, Қаратаудан асады да, Зеравшан алқабына дейін барады. Саяхатшы императорға берген есебінде Каспий теңізін "Батыс теңізі" деп атайды.

Каспий сөзінің түп төркіні ерте кезде сол теңіздің оңтүстігін мекендеген "каспий" деген жауынгер халықпен байланысты. Садақ және қылышпен қаруланған каспий атты әскерлері ұрыста оңтайлы, ержүректілігімен ерекше көзге түскен.

Бұл қызық. Географиялық түсінік бойынша, Каспий теңіз емес, көл. Өйткені, оның әлемдік мұхитпен байланысы жоқ. Бірақ, халық оны аумағына қарап, теңіз деп атаған. Каспий солтүстктен оңтүстікке 1200 километрге, батыстан шығысқа қарай 400-500 километрге созылып келеді. Аумағы 400 мың шаршы километрге жуық. Олай болса, Каспий көл болғанымен, теңізге татырлық ең ірі көл.

Мәліметтер энциклопедия беттерінен алынды.