Тұрсынбек дәуірі...
жеке
блог

Тұрсынбек дәуірі...

 

Зілді әңгімені «әзіл» деп жұмсартып айтады. Негізі, әр әзілдің астарында бір «зіл» , бір шындық жатады. Әзілдің табиғаты сондай... Көп созбайын, Тұрсынбектен бастайын. 2010 жылы-ау, осы ағайды сыртынан танитынмын. Сахнаға шығып алып, апайлар құсап, сампылдап ұрсып жатады... Кейін білдім, сүйтсем, бұлар бізге мораль оқиды екен ғой)) Сүйткен Тұрсынбек ағай қазір жердегі «жұлдызға» айналды. Көк жәшіктің іші толған Тұрсынбек. Сыртына шықсаң, төже, Тұрсынбек... Енді, ше... Наны жүріп тұр. Кезінде, мұндай бақ шаншарлардың да басында болған. Ұшып кетті, бері қарай өтіп, Тәкеңдерге қонды. Қона берсін, неміз бар? Театрдың әдебі мен нормасын бұзбаса болғаны ғой... Тіпті, ұрса да берсін!

     Тұрсынбек ағай, «ілгеріде өткен» театрлардың басын қосып, бойына қан жүгіртіп, қатарға қосамын деп ниеттеніп жүр екен. «Көңілашардың» асында бас қосып, бір адамдық іс жасайын деген екен. Жақында, Ұлттық арнада көріп қалдым, рекламасын.

      Жаңа маусымда «Көңілашарға»  «Шаншар», «Өнер қырандары», «Алдаспан», «Бәрекелді», «Тамаша», «Терісқақпай», «Нысана», «Күлкістан», «Екі езу», «Маэстро», «Тақия мен Мафия», «Керемет», «Аққу-Гәкку», «Бауыржан-шоу», «Қуандық пен Бақыт», «Базар жоқ», «ТТТ», «Шымкент-шоу» сынды әзіл-сықақ театрлары қатысады екен. Астана болсаңыз, 19 тамыз сағат 19:00-де  «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында кездесейік))