Turkic Wikimedia Conference

Turkic Wikimedia Conference
жеке
блог

Не ғой, интернетке қатысты, онша қатысты емес конференция, [бей]конференциялар жыл сайын өтіп жатады. Биылғыларының ішіндегі негізгі қазақ тіліндегісі – блогерлердің құрылтайы. Бірақ, бәрі осыған ғана келіп тіреледі ме екен. Менің ойымша, осы тектес аса ештеңе шешіле қоймайтын, дегенмен, ортаның қазақ тілінде қалыптасуына үлесін қосатын шаралар көбірек болуы тиіс. Яки, бәрі өзіміздің қолымызда.

Осы айда, нақтырағы – үстіміздегі сәуір айының 20-21 күндері, «WikiBilim» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен интернеттегі ірі компания өкілдерінің басын қосқан конференция өткізгелі отыр екен.

Өтетін уақыты: сәуірдің 20-21 күндері

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Химия факультетінің үлкен залында

Тіпті, биыл жыл сайын Орталық Азияның интернетшілерінің басын қосып отыратын BarCampCA де биыл болмайтын түрі бар. Оның орнына TFCA’12 деген бүк шықты, қаншалықты тік шығатынын көре жатармыз.

Дегенмен, жоғарыдағы конференцияның ресми бетінде жазылғандай, шараға интернетке қатысы бар әлемдік брендтердің өкілдері де келеді екен. Бірақ, маңыздысы бұл емес, маңыздысы – шараның қонақтары, олардың тәжірибесі мен мастер-кластарын бақылау болатын сияқты.

Turkic Wikimedia Conference - халықаралық түркі тілдес уикипедиялардың конференциясы, «Wikimedia Foundation» қорының ұсынысымен және қолдауымен қазақша уикипедияның даму үлгісін түркі тілдес уикипедиялармен бөлісу мақсатында өткізілгелі отырған шара. Конференцияның мақсаты – уики-қауымдастықтар арасындағы байланысты нығайту, ашық білім беру ресурстарын дамыту [толығырақ]

Жобаның басты мақсаты Wikimedia қозғалысы мен Creative Commons лицензияларына негізделген ашық және еркін білімді дамыту және қалыптастыру үшін белсенді үлес қосатын түркі тілдес елдерінде желідегі тұрақты топты қалыптастыру екен.

Қысқасы, осы. Бұл конференциядан күтеріміз мол болмаса да, осы конференциядан кейінгі орта мен жаңа таныстықтар интернеттегі қазақ тілді контенттің дамуына, жалпы, оған деген көзқарасты кішкене болса да өзгертеді ғой деген ойдамын.

Келіңіздер, қатысыңыздар. Фейсбукте шараға шақыруды қабыл алыңыз. Сондай-ақ, конференция туралы барлық қосымша әрі қажетті ақпаратты ресми сайттан оқысаңыздар болады.

Твиттерде арнайы хештегті қолдануыңызды сұранамыз - #twc2012

Сонымен, сіздерді сәуірдің 20-21 күндері ҚазҰУ-дың Химия факультетінің Үлкен залында күтеміз.

"Wikibilim" қоғамдық қорының фейсбуктегі ресми парақшасы мен твиттер аккаунты.