Оқу жүйесінде түпкі кінәрат бар

Оқу жүйесінде түпкі кінәрат бар
жеке
блог

Ия, білім жүйесі туралы ойланатын мәселелер көп. Оның түпкі, тамырлы мәселелерін дөп басып, түбегейлі қайта құрудың еш жөні болмай-ақ жүр. Бірақ бұл тек Қазақстанның проблемасы емес екенін бәріміз білеміз. Яғни дүниежүзілік білім беру парадигмасы заманға ілесе алмай келеді. Бұл да белгілі.

Менің қазірше жеке ойым, түбінде білім алу жүйесі әрбір жекедара тұлғаның өздігінен оқуына, әркімнің өзі ізденуіне толығымен өтеді. Білім алуға жан-жақты жағдай жасалады, ал оқу-оқымау әркімнің өз тірлігі болады. Бұлай ойлауыма көптеген себептерім бар. Мен 35 жыл ауыл мектебінде ұстаздық жасап келе жатқан, білім саласының ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген адаммын. Жастардың тағдырын күндіз-түні уайымдаумен қартайып келе жатқан жанмын. Сондықтан өз сөзімді бекер айта салмаймын.

Білім мәселелері бойынша әлі көп жазамын, ой тастаймын деген үміттемін.