Жаныма батты...
жеке
блог

Жаныма батты...

Басқа елден естіп едік кеше ғана,
Бүгін жетті сол қайғы Қазақстанға.
Басқа ұлтты,басқа елді қояйықшы,
Шығады бұл арсыздық қазақтан да.
Көбейте алмай жатырсақ қазақ санын,
Жаныма батты қазаққа оқ атқаның.
Балаға да кәріге де қарамады,
Байқадым адам,ИМАНДЫҚ жоғалтқанын.
Қашаңғы тығылып үйде жату керек?
Өз елін,отанын,жерін сату бөлек.
Адамға адам оқ ату сұмдық нәрсе,
Ондайларды ойланбай ату керек.
Арсыз,тексіз немелер террористтер,
Қазақтардың аямай санын қиған.
Жандары жәннатта болса екен,
Адамдардың қазақ деп жанын қиған.