Массагет болжамдар бәйгесінің жеңімпазына сыйлығын табыстады

Массагет болжамдар бәйгесінің жеңімпазына сыйлығын табыстады
жеке
блог

Қайырлы күн, сайтымыздың сүйікті оқырмандары!

Естеріңізде болса, «Массагет» порталы футболдан Францияда өткен Еуропа чемпионатына орай болжамдар бәйгесін ұйымдастырған болатын. 

«Массагет бәйгесіне» үн қосқан 250-ден астам үміткердің ішінен топ жарған ондыққа cайт тарапынан бағалы сыйлықтар тағайындалды. Ондықтың ішінен Aibar Bilyalov оза шауып, бас бәйге алғанын өздеріңіз білесіздер. Бүгін Айбар қуанышын арқалап, редакциямызға келді. Жеңімпаз жігітке бағы мен болжамының арқасында қол жеткізген уәделі сыйлығын («Prestigio MUZE E3» смартфоны) біз де қуана табыстадық. 

Өзін барынша сабырлы ұстағанымен, қуанышы көзінен көрініп тұрды. Мұндай бағалы сыйлыққа ие болса, кімнің де болса шаттанары анық!

Дәл осы байқауда жүлдегер атанған оқырмандар, сіздердің де сыйлықтарыңыз дайын. Қалаған уақытта келіп редакциямыздан ала аласыздар. Мекен-жайын блог соңында көрсеттім. 

Бұл биылғы жылғы байқаулардың бастамасы деп біліңіздер. "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауы жайлы да хабардарсыздар деп білемін. Биыл бізге – 5 жыл. Иә, иә. Massaget.kz порталының құрылғанына желтоқсан айында бес жыл толады. Осыған орай, күз айларынан бастап, түрлі байқау ұйымдастыратын боламыз. Құлақтарыңызды түре жүріңіздер. Қатысып жеңімпаз атаныңыздар! 

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған Айбар мырзаны тағы да жеңісімен құттықтаймын!

Сыйлықты алу үшін, мына мекен-жайға келіңіздер: Алматы қаласы, Бұқар жырау көшесі, 27/5 үй. 
Басқа да сұрақтар бойынша маған хабарласуларыңызға болады: +7 701 455 10 93