Интернет газеттің орнын баса ала ма?

Интернет газеттің орнын баса ала ма?
жеке
блог

Интернет газеттің орнын баса ала ма? 

Меніңше, иә, орнын басады. Себебі қазіргі заман – технологиялар заманы. Айналаңызға бір сәт зер салып қараңызшы. Технологиялардың дамығаны сонша линзаның өзі электронды түрі шыққан. Ұшатын мотоцикл, сатушы робот және тағы басқа. Ал газеттің жағдайына келетін болсақ, ол кешегі күннің жаңалығы. Неге десеңіз, газет ыңғайсыздау келеді. Оны алып жүру де ерсілеу. Газетті сатып алу үшін дүкенге барып, оны іздеп жүру қажет. Ал интернет арқылы сол газетіңізді жүктеп алсаңыз да болады. Керек десеңіз, телеарналарға немесе жаңалық порталдарына тіркеліп, оны онлайн түрде бақылауға болады. Жаңалықтарды әп-сәтте оқып отырасыз. 

Әрбір нәрсенің жақсы және жаман жағы болады ғой. Интернетті көп пайдаланамын деп, көзге зақым келмесе болғаны. Байқап қарап, гаджеттерді уақытылы қолданған жөн. 

Бірақ, бұл менің жеке пікірім. Мен қателесуім де мүмкін. Сондықтан да, сіз өз ойыңызды жазсаңыз артық етпес!